ШЫМКЕНТ. 17 наурыз. Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы тауар өндірушілер мен түрлі салада кәсібін жолға қойған кәсіпорындардың ondiris.kz вэб-каталогын іске қоспақ. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бизнес анықтамалық бойынша әрбір кәсіпкер аймақтарды жіктеу фильтрі арқылы өзіне қажетті ақпар мен тауар өндіруші, сатып алушы, клиенттер мен инвесторлар, компаниялар мен түрлі саладағы фирмалар аясында контрагент таба алады.
Аталған интернет алаңның бірегейлігі сол, қолданушылардың өздері жеке компаниясы туралы каталогқа мағлұмат салуына (тарихы, қызмет түрі, азық-түлік, баға және серіктестік саясаты), жаңалықтары мен баспасөз хабарламаларын орналастыруына мүмкіндігі бар. Бұл қызметтердің барлығы да қолданушы үшін тегін.
Әдетте, кәсіпкерлер мониторинг жоқтығынан қол байлау көріп жүрген. Енді бизнес-портал көп мүмкіндіктерге жол ашады.
Бақтияр Тайжан.
Дерек, сурет: egemen.kz