арғы бетте ерекше бағаланады екен
Шекарадан небір құнды, бағалы әрі сирек кездесетін заттарды заңсыз жолмен өткізуге құмар жандар өте көп кездеседі. Олардың заңсыз әрекетіне тосқауыл қойып келе жатқан тек қырағы шекарашылар ғана. Мәселен, қазақ-қытай шекарасы бойында орналасқан «Қорғас» шекаралық бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды қасқырдың, аюдың азу тістерін, аюдың тырнақтарын алып өтуге әрекеттенген қазақстандық азаматты ұстауға мәжбүр болды.
Атап айтқанда, аталған азаматтың сөмкесінен шекаралық бақылау жасау кезінде қасқырдың 10 дана, аюдың 39 дана азу тістері табылды. Одан әрі тағы да мұқият қараған кезде, сөмкеден аюдың 10 дана тырнағы да шыға келді.
Ұстау дерегі бойынша материалдар тиісті орындарға берілді, деп хабарлады ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.