• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
31 Наурыз, 2016

«Алтай» арулары. Алғашқы асу

450 рет
көрсетілді

Өскеменде Қазақстанның волейболдан әйелдер командалары арасында XXIV ұлттық лига чемпионаты мәреге жетті. Оның қорытындысында жергілікті «Алтай» клубы чемпион атанды. Өскемендіктер финалдық кездесуде Талдықорғанның «Жетісуын» ұтты. Чемпион­дарға алтын медаль мен кубогты Шығыс Қазақстан об­лы­сының әкімі Даниал Ахметов табыс етті. Жеңім­паздар, сондай-ақ, облыс әкімдігінің 5 миллион тең­гелік сертификатын алды. «Алтайдың» үш ойыншысы волейбол федерациясының арнайы сыйлығына ие болды. Атап айтқанда, біріншілікте ерекше көзге түскен Ирина Лу­комская – үздік байланыс­тырушы, Ольга Бирюкова үздік шабуылшы деп танылса, Инна Матвеева ең бағалы ойыншы атанды. Енді «Алтай» әйелдер волейбол клубы ағымдағы жылдың 3-13 қыркүйек күн­дері Филиппинде өте­тін клубтық командалар ара­сындағы Азия біріншілігіне қатысады. Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұ­рын Шығыс Қазақстан облы­сының «Алтай» ерлер волейбол құрамасы да ел чемпионатын ұтып, құрлықтық бәсекеге жолдама алған болатын. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан». ӨСКЕМЕН.