АСТАНА. 31 наурыз. Түркияның оңтүстік-шығысында жүргізілген арнайы операция кезінде 20-дан астам лаңкестің көзі жойылды. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Түркия бас штабының хабарлауынша, қаза тапқандардың арасында сепаристік ұйымның 5 мүшесі болған. Сондай-ақ, бірнеше күн бұрын басталған қақтығыс кезінде «Күрдістан жұмысшылар партиясының 23 мүшесі мерт болды. Ал мемлекеттің ішкі істер министрі Түркияның оңтүстік-шығысында комендаттық сағаттың жарияланғандығын мәлімдеді.
Қазіргі кезде аталған топқа қарсы арнайы операция Хаккари және Нусайбин провинцияларында, сондай-ақ, Шырнақ қаласында жүріп жатыр. Осыған дейін қақтығыс салдарынан 5 мыңға жуық лаңкес пен 350-ден астам тәртіп сақшылары қаза тапқан болатын.
Аян Әбдуәли.
Дерек: 24.kz.
Фото: topnews.ru.