
АСТАНА. 31 наурыз. Ливияның астанасы Триполи қаласында лаңкестер «Ан-Набаа» телеарнасының штаб-пәтерін басып алды. Бұл туралы ren.tv-ға сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Әскери киім киіп, қаруланған бірнеше адам біздің кеңселерімізді басып алды. Жұмысшыларымызды қамауда ұстап отыр», – деді қызметкерлердің бірі France Presse агенттігіне берген мәлімдемесінде. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы әзірге ақпарат жоқ. Шабуылды қандай ұйымның жасағаны да белгісіз.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ren.tv.
Фото: gogetnews.info.