• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Сәуір, 2016

Мүмкіндігі шектеулі балалар

801 рет
көрсетілді

үшін атом жобасы аясындағы тиімді іс-шаралар жалғасуда Елбасының бастамасымен қолға алынған АТОМ жобасы аясында Семей полигонынан зардап шеккен тұрғындардың денсаулықтарын сауықтыру шаралары жүзеге асырылуда. Осыған орай, Шығыс Қазақстан облысындағы БҰҰ бірлескен бағдарламасының басты мақсаттарының бірі мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қызметтерді қолжетімді ету үшін Семейдегі жалпы білім беретін №20 және №4 мектептерінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған модульді алаңдар ашылды. Аталған жобаларды БҰҰ-ның қаржылай қолдауымен «Құқықтық сана академиясы» мен «Ерекше әлем» қоғамдық қоры жүзеге асырып отыр. Ондағы мақсат оқыту мен тәрбиелеуде қиындық тудыратын балаларға тиімді емдеу-сауықтыру және психологиялық-педагогикалық көмек көрсету болып табылады. Мәселен, №20 жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған коррекциялық сынып ашылды. «Құқықтық сана академиясы» қоғамдық қоры жүзеге асырған жоба аясында сөйлеу қабілеті мен психологиялық дамуы төмен балаларға арналған екі сынып пайдалануға берілді. Ал №4 жалпы білім беретін орта мектепте 12 балаға арналған коррекциялық сынып есік ашты. Сыныпта сөйлеу қабілеті төмен, аутизм дертіне шалдыққан балалар оқиды. Заман талабына орай әлеуметтік ортаға бейімдеуге, оқытуға жағдай жасай­ды. БҰҰ жоба менеджері Рауан Қалиевтің айтуынша, жақсы іске Семей қалалық әкімдігі, білім бөлімі себепкер болыпты. – Аутизм сырқатына ұшыраған балаларды өнер саласына, түрлі техникаға үйретсе, алдағы уақыт­­та олардан сол саланың жақсы мама­ны шығуы мүмкін. Егер бала­ны ерте жастан емдеп тәрбиелеген жағ­дайда, жеті жасында қарапайым бала­лармен сабаққа да бара алады. Өкінішке қарай, қаламызда ондай орталықтар жоқ. Біздің қор қазір мектеп жасына дейінгі бала­лар­мен айналысатын орталық ашу­ды жоспарлап отыр. Осы бағыт­та жұмыстар атқарылуда, – дей­ді «Ерекше әлем» қоғамдық қоры­ның директоры Арайлым Әлім­жанова. – Бұл жобалардың мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамға бейімдеу және алғашқы білім алуларына толықтай мүмкіндік жасау. Бүгінгі таңда жеткен жетістіктеріміз көп. Себебі, осындай коррекциялық сыныптан жалпы сыныпқа ауысып жатқан балалар бар. Ол біз айтып отырған әлеуметтендіру мәселесінің оң шешіліп жатқанын көрсетеді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады. Коррекциялық түзету сыныптарында арнайы мұғалімдермен қатар, психологтар мен логопеттер де жұмыс жүргізетін болады. Олар қажет болған жағ­дайда аутизмге шалдыққан бала­ларды төрт жылға дейін тәр­биелемек. Бала ашылып, жақсы көр­сет­кіш көрсетсе, бірден кәдімгі сынып­тарға ауысуға мүмкіндік бар. Раушан Нұғманбекова. СЕМЕЙ.