• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
21 Қаңтар, 2011

Елорда – достық пен келісім мекені

538 рет
көрсетілді

Қазақстанның өткен жылғы қол жеткізген жетістіктері аз емес. Оған ЕҚЫҰ-ға табысты төр­аға­лық пен оның нәтижелі аяқталған Саммиті дәлел. Сондай-ақ, бүгінде әлем халқы Қазақстанды бейбітші­лік­тің мекені, тұрақты дамудың елі деп біледі, деді сәрсенбі күні «Халық бірлігі – Тәуелсіздік негізі» тақырыбында өткен Астана қала­лық Қазақстан халқы Ассам­блея­сы­ның ХІІ сес­сия­сының ашы­луын­да сөйлеген сөзінде Астана қаласы­ның әкімі, Астана қалалық Қазақ­стан халқы Ассамблеясының төр­аға­сы Иман­ғали Тасмағам­бетов. Оның айтуын­ша, қазіргі таң­да елімізде қалып­тас­қан түсініс­тік пен келісім – бо­лашағымыздың айқын­далуына ай­тарлықтай әсер еткен және олар мемлекет ішіндегі тұрақ­тылық пен жетістіктеріміздің негізі болған, ал бұл ретте, еліміздегі этностық бірлестіктер лидерлерінің еңбегі де ұшан-теңіз. Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Е.Тоғ­жанов, Астана қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүше­лері, қоғамдық ұйымдар мен этно­мәдени бірлестіктер өкілдері, қалалық құрылымдар басшылары қатысқан бұл жиынның күн тәртібіне екі мәселе қойылды. Біріншісі – Ассамблеяның ХVІ сес­сиясындағы Елбасының тап­сыр­ма­лары бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеттемелерін талқылау, екіншісі – этномәдени бірлестіктер жетекшілері арасынан Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарларын сайлау. Келесі кезекте Қазақстан хал­қы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов сөз алды. Қазақстан халқы Ассамб­лея­сы да, Астана қаласы да Елбасының кемел ақылының жемісі. Астана – бүгінде бейбітшілік пен толеранттылықтың қаласы. Дүниенің төрт бұрышында дін­ара­лық, этносаралық қақтығыс­тар толастамай тұрғанда біз қазақ жерінде орын тепкен береке-бірлігімізді өзге елдерге үлгі-өнеге ретінде ұсынып отырмыз. Қазіргі заманда тұрақтылық пен бірлік, ынтымақ әлемдік, жалпыұлттық мақсатқа айналды. Ал бұл құн­дылықтарды айтып, қоя салу жеткіліксіз. Оларды одан әрі дамыту, аялау, қорғау қажет, деді Е.Тоғ­жанов өз сөзінде. Бұдан кейін «Вайнах» чешен-ингуш этномәдени бірлестігі төр­ағасының орынбасары С. Хамхоев, Корейлер Ассоциациясы фи­лиалының төрағасы В. Цхе, «Таң» татар-башқұрт этномәдени бір­лес­тігінің төрағасы З. Саяпова сөз алып, этномәдени бірлестіктер негізінде атқарылған жұмыс­тарға тоқталды. Ал Л.Н.Гумилев атын­дағы ЕҰУ жанындағы қазіргі за­манғы зерттеу институтының ди­ректоры А.Нүкенов тәуелсіз Қа­зақстанның қалыптасу кезеңін­дегі өзге этнос өкілдерінің тарихи рөлі жайында баяндап берді. Алқалы жиынға қатысып, сөз сөйлегендердің дені: «Астана қа­ла­лық Қазақстан халқы Ассамб­лея­сы елорданың достық пен ұлтаралық келісімінің нағыз зертханасына ай­налды» деген ой төңірегінде әңгіме өрбітті. Сессия соңында ұлтаралық келісім мен түсіністікті нығайту бағытында белсенділік танытқан Астана қаласы этно-мәдени бірлес­тіктерінің белсенді мүшелері қала әкімі атынан Алғыс хаттармен марапатталды. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.