• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Қаңтар, 2011

«Ауыл» Елбасы төңірегіндегі түгелдікке шақырады

404 рет
көрсетілді

Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясының серкелері «Алтау ала болса – ауыз­дағы кетеді, төртеу түгел болса – төбедегі келеді» деген халық даналығына жүгіне отырып, елді жаңартудың ауқымды бағдарл­а­масын жүзеге асыру мақсатында қоғамның парасатты күштерінің біртұтас коалициясын құру идея­сын қолдайтындарын білдірді. Бұл туралы партияның саяси ке­ңесінің кеңейтілген отырысында мәлім етіліп, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілет­тігін ұзарту жөнінде референдум өткізу бастамасы бірауыздан қол­дау тапты. Партияның аймақтық үйлесті­ру­шілері, республика жұртшылы­ғының өкілдері қатысқан кездесуде партияның «Нұр Отан» ХДП бастамашы болып құрылған «Қа­зақстан-2020» жалпыұлттық де­мо­кратиялық күштер коалиция­сына кіретіні туралы жарияланды. Партия төрағасы Ғани Қалиев және басқалар елді дамыту стра­тегиясының сәтті іске асатын­дығына сенімділік тұрғысынан сөй­леді. Елдің келешегі, ең ал­дымен, Елбасымен тікелей байла­нысты. Себебі, Ұлт Көшбасшысы жаңа стратегиялық бағыттың идея­лық дем берушісі ғана емес, сонымен бірге мемлекет тұрақ­ты­лығының кепілі болып табылады. Ел тарихының осы заманғы бүкіл жаңа тарихы Нұрсұлтан Назар­баевтың есімімен ажырамас бірлікте. Кездесуде бүгін таңда біз­дің республикада онымен салыс­тырарлық саясаткер, теңдесерлік тұлға жоқ екендігі атап айтылды. Сондықтан, бүкіл халық мемле­кеттің алдында тұрған және қа­зақстандықтардың әл-ауқатын кө­те­ріп, өмір сүру сапасын жақсар­туға бағытталған маңызды міндеттерді шешу үшін өз Елба­сының төңірегінде топтасуы тиіс. Отырыста қабылданған мәлім­демеде «Ауыл» партиясы барлық саяси және қоғамдық күштерді референдум өткізу жөніндегі бастама төңірегінде бірігуге, сөйтіп, өз Президентіне Қазақстан хал­қының топтасқан қолдауын паш етуге шақырды. Партия нақ ос­ындай үндеуді қоғамның тұрақ­тылығы, өркендеуі һәм жаңа­лануы,  береке-бірлігі мен тату­лығы жандарына жақын отандас­тардың барлығына арнады. Құжатта айшықталып айтыл­ғандай, Мемлекет басшысының өкілеттігін ұзарту арқылы біз өз қоғамымызды нығайта түсеміз, халықтың өмірін гүлдендіреміз, жас ұрпақ алдынан жаңа да жар­қын келешек ашамыз. Сон­дай-ақ, «Ауыл» партиясының саяси ке­ңесі барлық қазақстандықтарды Президент Нұрсұлтан Назарбаев­тың өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі Парламент шешімін де қолдауға шақырды. Қорғанбек АМАНЖОЛ.