• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
30 Сәуір, 2016

Қалбатаудағы қуаныш

378 рет
көрсетілді

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай басталған «25 игі іс» акциясына Жарма жұрты да үлес қосып келеді. Таяуда аудан орталығы Қалбатауда мемлекет-жекеменшік әріптестігі негізіндегі алғашқы ба­ла­бақша ашылды. «Ер-Дәурен» балабақшасы – өзектілігі күн санап артып келе жатқан мектепке дейінгі оқыту және тәрбие беру мәселесін жергілікті биліктің кәсіпкерлерді қатыстыра отырып шешуге ба­ғыт­талған жұмыстарының бір көрі­­нісі. «Балапан» бағдарламасы аясын­дағы балабақша ғимара­тының ашылу салтанатына ардагерлер, ата-аналар мен тұрғындар қатысты. – Ел егемендігін алған жылдардан бері ауданда көптеген жаңа білім ордалары, балабақшалар бой көтерді. Қалбатаудың өзінде соңғы бес жыл ішінде мемлекет қаражатына «Алтынай» бала­бақшасы салынып, «Айгөлек» бала­бақшасы қайта жаңғыртылды. Қазір Қалбатау ауылында 190-ға жуық бүлдіршін балабақша ке­зегінде тұр. Сондықтан, жеке­меншік балабақшалардың үлесін арттыру жөніндегі облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жерлесіміз Дәулет Көшенов жеке қаражатына салған 90 орындық балбақшаны қолданысқа берді. Әрине, мұндай балабақшаны мемлекеттік бюджет есебінен салар болсақ, шамамен 300 млн. теңге қаражат қажет болар еді. Яғни, мемлекеттің қара­жаты үнемделіп отыр, деді Жарма ауданының әкімі Нұрлан Сыдықов. Сондай-ақ, аудан басшысы Қалбатаудағы бұрынғы «Колосок» балабақшасының ғимараты қайта жаңғыртылатынын жеткізді. Яғни, аудан әкімдігі мен жеке кәсіпкер Виктор Исабаев арасындағы ке­лісім­­шарт бойынша ескі ғимарат кәсіпкер еншісіне беріліп, биылғы жылдың 1 қыркүйегіне дейін бұл нысан 100 бүлдіршінге арналған балабақша ретінде қолданысқа енбек. Осылайша, ағымдағы жылы аудан орталығында мектепке дейінгі балалар толығымен қамтылып, балабақша мәселесі түбегейлі шешімін табатын болады. Балабақшаның алғашқы бүл­діршіндеріне аудан әкімдігі тарапынан сый-сияпат тарту етілді. Салтанатты шарада ата-аналар атынан сөз алған Гүлфира Сәтпекова заман талабына сай салынған сәулетті де көпсалалы балабақшада бүлдіршіндердің тәрбие алуы ғана емес, жан-жақты дамуына мол мүмкіндік ескерілгендігін жеткізіп, жаңа нысанның жұмысына тола­йым табыс тіледі. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан» Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы