• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
30 Сәуір, 2016

«ӘЛЕМ. ХХІ ҒАСЫР» МАНИФЕСІ.

493 рет
көрсетілді

Қазақстан – қашанда көшбасшы Бізде, Ресейде Қазақстан Рес­­публикасының Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесімен жақсы таныс. Бұл бағдарламалық құжатын Қазақстан басшысы АҚШ-тың астанасы – Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жө­ніндегі IV қорытынды саммит­те жария еткені мәлім. Ал осы халықаралық жиында бей­бітшілік, соғыстарды тоқтату, лаңкестікпен күрес туралы жан-жақты сөз қозғалғаны белгілі. Бұл бағдарламалық құжатта да осы мәселелер туралы түйінді сөз айтылады. Қазақстан Президенті саммитте адамзат ХХІ ғасырға жа­һандық ынтымақтастықтың жаңа дәуірі ретінде үлкен үміт артып отырғанын атап көрсетті. Нұрсұлтан Әбішұлының айтуынша, бірақ бүгінде бұл жай елес болып қана қалуы мүмкін. Дүниеге тағы да қауіп төніп тұр және оның ауқымын бағаламауға тағы болмайды. Бұл қауіп-қатер – жаһандық соғыс! Жер өркениеті, ғалымдардың есептеулері бо­йынша 15 мыңнан астам соғысты бастарынан өткерсе, жыл сайын үш соғыстан келеді екен. Оларда жүздеген миллион адам көз жұмып, жер бетінен қалалар мен елдер жойылса, мәдениет пен өркениет жермен жексен етілді. Бұл арада да Қазақ­стан Прези­денті бағдар­ламалық түйін жасайды: «ХХІ ғасырда әлемге бейбітшілік керек! Бұл аса шетін мәселе!», – дейді ол. Әрі қарай: «ХХІ ғасырда бейбітшілік, адамдар өткен ғасырда жасаған секілді, ол үшін байыпты және табанды түрде күресуге тұрады. Біз балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы туралы ойлауымыз керек. Бүкіл әлем үкіметтерінің, саясаткерлерінің, ғалымдарының, бизнесмендерінің, өнер қайраткерлерінің және мил­лиондаған адамдарының күш-жігерін өткен ғасырлардың қасіретті қателіктерін қайталауға жол бермей, әлемді соғыс қатері­нен әрқашан арылту үшін біріктіру қажет. Іс-әрекетсіз отыру немесе бітімгершілік қызметпен айналысқансу әлемдік апатпен пара-пар», – деп бір қайырады. Өте дұрыс және уақтылы жасалған қорытынды. Және бір атап көрсететін жайт – Қазақстан Президенті мен республика халқы көп жағдайда көптеген елдердің алдында көш бастап жүреді. Аталған ел Қазақстан халқы Ассамблеясын құрып, республикада тұратын барлық халықтың теңдігін, бей­бітшілік пен олардың бір-біріне деген құрметін қамтамасыз етті. Мемлекет басшысы мен ел халқы бейбітшілік жолында Семей ядролық сынақ полигонын жауып, онда жасалып келген өлім себетін қаруды сынақтан өткізуге тоқтау салды. Сондай-ақ, Астанада дәстүрлі түр­де Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері өткізіліп келеді. Онда да бейбітшілік пен соғыс атаулыға тосқауыл қою туралы әңгімелер айтылады. Үстіміздегі жылдың нау­рыз айында маған халықаралық байқаушы ретінде Қазақстанға тағы да жолым түсті. Елде сол кезде Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлаулары өткен болатын. Жергілікті БАҚ-тардың біріне сұхбатымда мен комиссияға жылы қабылдаулар жасалуы мен оның нақты жұмысы адамдардың көңіл-күйіне оң әсер ететінін, сөйтіп, ізгілікті орта қалыптасатынын айттым. Сондай-ақ, сайлауларға бай­қаушы ретінде келгендердің барлығы дауыс беру үдерістеріне қатысушылардың қатары қалың болғанын атап көрсетіп жатты. Түске дейін-ақ тізімдегі сай­лаушылардың жартысынан астамы өз таңдауларын жасап үлгерді. Бұдан ел халқының мем­лекеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысқысы келетіні анық аңғарылса, бұл жайтқа тек құрметпен қарау керек. Міне, Нұрсұлтан Назарбаевтың манифесі туралы әңгіме қозғай келе, Қазақстан мен оның Пре­­зиденті бейбітшілік туын жоғары ұстау, қарусыздану мен халықаралық терроризмнің белең алуына жол бермеу, ядролық қаруларды жою бағыттарындағы күресте көптеген елдердің ал­дыңғы шебінде келе жатқанын кезекті мәрте атап көрсетсем деймін. Қазақстан – осындай проблемаларға қатысты үнсіз қалуға болмайды деген берік ұстанымды нақты айғақтап келе жатқан ел. Сондықтан, бүкіл дүниежүзі осы проблемаларды оң шешуде күш біріктіруі тиіс. Ресейліктердің де осылай ойлайтынына еш күмәнім жоқ.  Юрий ОБЪЕДКО, Қазақстанда өткен сайлауларды байқауға  келген ТМД елдері миссиясы делегациясының бұрынғы жетекшісі Новосібір қаласы, Ресей Федерациясы