АСТАНА. 1 мамыр. Жерорта теңізінің Ливияға таяу жағалауында мигранттар мінген қайық дауылға тап болып, 84 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілші хабарлады.
Италияның жағалау күзеті зақымданып, ішіне су толған қайықты байқаған. Олар 26 босқынды құтқарып, 2 кемемен Лампедуза аралына жеткізген. Құтқарушылардың хабарлауынша, қайықта Ливиядан шыққанда 110 мигрант болған.
Қазір жоғалғандарды іздеу операциясы жүріп жатыр. БҰҰ-ның мәліметі бойынша, биыл Еуропаға теңіз арқылы 180 мың адам өтпек болған. Алайда олардың 800-ге жуығы қауіпті сапар кезінде қаза тапқан.
Талғат Райымбек.
Дерек, фото: 24.kz.