АСТАНА. 1 мамыр. Кенияның астанасы Найроби қаласында ғимарат қирап, 135 адам зардап шекті. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Мемлекет астанасында жайсыз оқиға өткен жұма күні, яғни 29 сәуір күні орын алған. Салдарынан опат болғандардың саны 16 адамға жетті, 6 қабатты үйдің қирандысының астында әлі қанша адамның бар екені белгісіз. Апат толассыз жауған жаңбырдың салдарынан болғаны белгілі.
Кения президенті Ухуру Кениата осыған байланысты аймақтағы барлық ғимараттардың қауіпсіздігін тексеруді тапсырды. Қазір іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
Фото: 24.kz.