• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
01 Мамыр, 2016

Лаңкестік әрекеттен мерт болғандар саны 33 адамға жетті

258 рет
көрсетілді

АСТАНА. 1 мамыр. Ирактың оңтүстігіндегі Эс-Самава қаласында лаңкестік әрекеттерден қаза тапқандар саны 33 адамға жетті. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ресми мәліметтер бойынша, екі жарылыс болды. Екеуін де содырлар автокөлікке орналастырған. Қаланың әкімшілік ғимаратына таяу маңда біреуі іске қосылса, екіншісі автобус аялдамасында орын алды. Осыған дейін мемлекеттің бұл аймағында террорлық шабуылдар болмаған. Қастандық әрекетті «Ирак пен Левант» экстремистік ұйымы өз мойнына алды. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: 24.kz.