АСТАНА. 1 мамыр. Лондон университеттік колледжінің өкілдері Марс бетінің жаңа фотоларын таныстырды. Суреттер арқылы осыдан 13 жыл бұрын жоғалған «Бигль-2» қондыру модулін көруге болады. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Фотоларды түсіру үшін зерттеушілер Gotcha-PDE-TV технологиясын пайдаланған. Мамандар бұл істі Mars Reconnaissance Orbiter ғарыш аппаратының бортына орнатылған HiRISE камерасы арқылы жүзеге асырды. HiRISE камерасының ерекшелігі – 300 шақырым биіктен 30 сантиметр затты ажырата алады. Бұл тұста арнайы мамандардың көмегімен фотоаппараттың сапасын күшейтіп, 5 сантиметрге дейін анықтайтындай етіп жаңартты.
Технологияны құрастырушылар екі суретті жұрт назарына ұсынып отыр. Олардан Марста жүрген SPIRIT көлігінің іздерін көруге болады. Қазір зерттеу жұмыстары жүріп жатыр.
Аян Әбдуәли.
Дерек, фото: inform.kz.