• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
02 Мамыр, 2016

Содырлардың шабуылынан 5 адам қаза тапты

274 рет
көрсетілді

АСТАНА. 2 мамыр. Йеменнің Амран провинциясында атышулы лаңкестік ұйымдардың бірі әскери базаға шабуыл жасады. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қақтығыс кезінде қанша адамның қаза тапқаны әзірге белгісіз. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Лаңкестік шабуылдың тағы бірі мемлекеттің Аден қаласында да болды. Ресми мәліметтер бойынша, 5 адам опат болып, бірнеше бейбіт тұрғын түрлі деңгейде жарақат алды. Бейресми ақпараттарда бұл шабуыл аталған қаланың қауіпсіздік қызметінің басшысына жасалған деген болжам бар. Елдің сыртқы істер министрі террорлық шабуылдардың Кувейтте өтіп жатқан Йемендегі қақтығысты тоқтатуға арналған бейбіт келісімге кері әсерін тигізуі мүмкін екендігін мәлімдеді. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: 24.kz.