• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
03 Мамыр, 2016

Бағдадтағы жарылыстан қаза тапқандар саны 18 адамға жетті

280 рет
көрсетілді

АСТАНА. 3 мамыр. Ирак астанасы Бағдад қаласындағы лаңкестік әрекеттен қаза тапқандар саны 18 адамға жетті. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқиға мыңдаған тұрғындардың жетінші шиит имамы Муса ибн Джафар аль-Казиманың мазары орналасқан Алтын мешітке кетіп бара жатқан кезінде болған. Мәліметтер бойынша, осы кезде жанкешті мінген көлік жарылған. Associated Press агенттігі бұл істі ТГИЛ содырлары өз мойнына алғанын хабарлады. Полиция қызметкерлері терактінің салдарынан тағы 45 адамның түрлі деңгейде жарақат алғанын мәлімдеді. Айта кетейік, өткен дүйсенбі күні, яғни 2 мамырда Бағдад қаласына таяу маңда екі террорлық шабуыл болды. Аталған қаладан 25 шақырым қашықтықта орналасқан Тармия аймағында жарылғыш зат іске қосылып, салдарынан екі адам мерт болып, алтауы жараланды. Ал екіншісі Халиса қаласында орын алды. Бір адам қаза тауып, екі тұрғын зардап шекті. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: ТАСС.