• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
06 Мамыр, 2016

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

241 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Қаулы етемiн: Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін: жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын Жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын: Родин Дмитрий Олеговичке – «Fokker-100» әуе кемесінің командирі, Алматы қаласы Үмбетов Қайрат Жарылқасынұлына – Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының штаб бастығы – 6505 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президентi Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2016 жылғы 3 мамыр №244