• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
06 Мамыр, 2016

Лайықтыларға – марапат

317 рет
көрсетілді

Отан қорғаушы күнінің қарсаңында Мемлекет бас­шы­сының Жарлығымен әскери және қызметтік борышын атқа­ру кезінде батылдық пен ер­жүректік көрсеткен, сон­дай-ақ елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабіле­тін қамтамасыз етуге, заңды­лықты және қоғамдық тәртіп­ті нығайтуға елеулі үлес қос­қан бір топ әскери қызмет­шілер, ұлттық қауіпсіз­дік және құқық қорғау органдары­ның қызметкерлері Қазақстан Рес­публикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды. Марапатталғандар ара­сында «Bek Air» авиаком­па­ния­сының «Fokker-100» ұша­ғын апатты жағдайда Астана қаласының әуежайына қон­дырған экипаж мүшелері де бар. Әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көр­сеткен ерлігі мен жанқияр­лығы үшін «Fokker-100» әуе кемесінің командирі Д.О.Родинге және Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қол­бас­шылығының штаб бастығы – 6505 әскери бөлімі коман­дирінің бірінші орынбасары Қ.Ж.Үмбетовке «Халық қаһарманы» атағы берілді. Ордендермен барлығы 43 адам, медальдармен – 63, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен 2 адам атап өтілді. --------------------------------------------------- Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы Қаулы етемін: авиация генерал-лейтенанты әскери атағы Орманбетов Нұрлан Секенұлына; вице-адмирал әскери атағы Жанзақов Жандарбек Сәдуұлына; Мемлекеттік Күзет Қызметінің генерал-лейтенанты арнаулы атағы Күренбеков Амантай Жанкеұлына; генерал-майор әскери атағы: Әлшекенов Лұт Сапуұлына, Ділманов Дархан Айтқалиұлына, Қашағанов Нұрлан Мұсақанұлына, Нұрахметов Сағатбек Төлеубайұлына, Омарқұлов Жандос Қастелбекұлына, Сатов Мұхаметқали Құсайынұлына; авиация генерал-майоры әскери атағы: Айымбетов Айдын Ақанұлына, Кәрбенов Нұрлан Жанайдарұлына; ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы Дүйсебаев Әбілсейіт Оразақынұлына; сыртқы барлау генерал-майоры арнаулы атағы Әденов Күзембек Станбайұлына; Мемлекеттік Күзет Қызметінің генерал-майоры арнау­лы атағы Әшімбекұлы Ардаққа; полиция генерал-майоры арнаулы атағы Лепеха Игорь Владимировичке; 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сы­нып­тық шені: Қайыбжанов Марат Жолмағамбетұлына, Нұрпейісов Сапарбек Айтуұлына, Патсаев Ұлықбек Қаныбекұлына.   Қазақстан Республикасының Президенті                    Н.НАЗАРБАЕВ   Астана, Ақорда,  2016 жылғы 5 мамыр №245