«Евровидение» бас жүлдесін жеңіп алды
Швецияның астанасы – Стокгольм қаласында мәреге жеткен «Евровидение» ән конкурсында украиналық қырым татарының қызы, лирика-драмалық сопрано дауысты опера және джаз әншісі Жамала бас бәйгені жеңіп алды. Ол финалда қырымдықтар депортациясына арналған «1944» деген әнді орындады.
Жамаланың шын аты-жөні – Сусана Алимқызы Жамалдинова. Шамасы, лақап атты да осы тегінен алса керек. Ол 1983 жылғы 27 тамызда Қырғызстанның Ош қаласында туған. Кейінірек ата-анасы Қырымға көшеді. Жас қыздың балалық шағы Алушта түбіндегі Малореченское селосында өтеді. Әке-шешесі – музыканттар. Анасы керемет ән салады және музыкалық мектепте мұғалім болып жұмыс жасайды. Әкесі – дирижер. Олар болашақ әншіні кішкентайынан музыкаға дайындаған. Сусана мен оның сіңлісі қатаң мұсылман тәрбиесінде тәлім алған.
Қыздың өте жақсы дауысы бар екені үш жасында байқалған. Талантты бүлдіршін тоғыз жасында балаларға арналған әндері альбомын жаздырған. Алуштадағы музыкалық мектепте білім алған. Кейін Симферопольдағы музыка училищесінде оқып, опера вокалына маманданады. Кейін Киевте Ұлттық музыка академиясын бітіреді.
Сусана оқып жүрген кезінен түрлі халықаралық фестивальдар мен конкурстарға қатыса бастайды. Соның бірі – «Қырым көктемі» конкурсында үшінші орын алады. Сонда «Додж-2001» арнайы сыйлығына да ие болады. Бұдан кейін белгілі саксофоншы Александр Новосельскийдің сүйемелдеуімен Мәскеуде өткен халықаралық конкурсқа қатысады. Бұдан бөлек, Италияда лауреат атанады.
«Егемен-ақпарат»

Қазақстанда әр пойызға ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған вагон қосылады
Қоғам • Бүгін, 10:58
48 команданың бәйгесі: Жаңа формат сенсацияларға жол аша ма?
Футбол • Бүгін, 10:43
Петропавлда мемлекетке 2 млрд теңге залал келтірген лауазымды тұлға қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 10:25
Мүгедектігі бар жандарды жұмысқа орналастыру квотасы екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 10:15
Зеленский: Трамп факторы Украинаға толық қауіпсіздік кепілі бола алмайды
Әлем • Бүгін, 10:03
Алматыда Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
Оқиға • Бүгін, 09:56
Қазақстанда жаңбыр жауып, күн күркірейді: 21 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:39
АҚШ-та мектеп маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 09:28
Қаржы • Бүгін, 09:21
Қазақстанда инвесторлар үшін жеңілдетілген визалық режим сақталады
Қоғам • Бүгін, 09:05
Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 08:27
Білім ошағындағы бірегей думан
Мектеп • Бүгін, 08:00
Педагогтерді аттестациялау жүйесі жаңартылады
Білім • Кеше
Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Кеше