17 Мамыр, 2016

KIHE-2016: жаңа әзірлемелер және тәжірибе алмасулар

317 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Алматыдағы «Атакент» кешеніАлматыдағы «Атакент» кешенінде қазақстандық «KIHE-2016»халықаралық XXIII «Денсаулық сақтау» көрмесі табыспен өтті. Халықаралық серіктесі – ITE компаниялар тобымен бірге Iteca отандық көрме компаниясы ұйымдастырған көрмеге дүниежүзінің 19 мемлекетінен 200-ге жуық компания медицина және медициналық технологиялар саласында жаңа әзірлемелерін ұсынды. Әсіресе, шетелдік салалық ми­нистр­ліктердің қатысуымен экс­­позиция мазмұны арта түсті. Мәселен, Германия, Мысыр, Қытай және Чех Республикасы, сондай-ақ, Оңтүстік Корея мен Түркия ел­дерінің компания топтары ұлт­тық стенділері, Новосібір облысының стенді жеке ауқымды экспозиция ретінде қатысты. Қазақстанда бірінші рет «Интермедика Алматы» ком­па­ния­сы ең ықшам және дыбыссыз ультрадыбыстық «Alpinion E-Cube-5» сканерін көрсетcе, «Медилюкс» компаниясы жаңа туылған нәрестелерде кеңірдек ин­тубациясы процедурасы кезін­де қолданылатын Қазақстан нары­ғындағы бірегей «InfantView» бейнеларингоскопын таныстырды. «Борисов медициналық препа­рат­тар зауыты» (Беларусь Респуб­ликасы) заманауи жабдықтар, ең соңғы технологиялар, өнімдер сапа­сын бақылаудағы ең нақты әдістерді ұсынса, «Lauma Medical» бренді өз қыз­­метіндегі жаңа бағытты – ме­ди­ци­­на­лық компрессорлық три­кота­жын алға тартты. Сонымен қа­тар, «EGO Zlin» чех компаниясы апат ме­ди­цинасында қолданылатын өнім­дердің толық спектрін, «ZPT Vigantice spol. s.r.o.» қоғамы ме­ди­­­ци­налық қатынастар жүйесін ұсынды. Сондай-ақ, көрме шеңберінде жеке экспозиция ретінде «Емдеу-сауықтыру және медициналық туризм» тақырыбы қамтылып, Әзер­байжан, Германия, Мысыр, Қазақстан, Түркия, Украина және Эстония елдерінің медициналық орта­лық­тары мен клиникалары өз қызмет түрлерінен хабардар етті. Үш күнге созылған көрме шең­берінде отандық медициналық орта­лықтар, клиникалар, сала мамандары мен емделушілер, со­н­дай-ақ, халықаралық меди­ци­­на­лық мекемелердің өкілдері қаты­сатын В2В пішіміндегі бизнес кездесулер ұйымдастырылып, меди­­циналық жабдықтар, техника, фар­мацевтикалық өнімдер мен медициналық қызмет ұсынатын жетекші өндірушілер таныстыру рәсімдері мен шеберлік-сынып­тарын өткізді. Сонымен қатар, іскерлік бағдарламасы бойынша «ЕАЭҚ шеңберіндегі дәрілік құрал­дар мен медициналық бұйым­д­ар­дың ортақ нарығы. Қазақ­стан Республикасының бірыңғай дист­рибуция жүйесін қалып­тас­тыру стра­те­гиясы» тақы­рыбында дөң­гелек үстел, «Қазақстандағы меди­­цина­лық туризм: ақиқат және даму перс­пективасы» конфе­рен­циясы өтті. Дөңгелек үстел барыс­ында «СК Фармация» ЖШС бас­қарма басшысы Нұржан Әлібаев баяндама жасап, қатысушыларды 2016-2019 жылдарға арналған жос­парымен таныстырды. Сондай-ақ, ол бірыңғай дист­рибью­тор ахуалдық орталығын құру – меди­циналық ұйымдарға тегін меди­циналық көмектің кепілдік беріл­ген көлемі аясында дәрілер мен медициналық бұйымдарды үздік­сіз жеткізу жұмысын жетілдіру, отан­дық тауар өндірушілерді қолдау, бюд­жеттік қаржыны үнемдеу мен бірың­ғай дистрибьютордың қар­жы­лық тұрақтылығын қамта­ма­сыз ету жұмыстарын жетіл­діруге мүм­кін­дік беретінін атап айтып, Он­лайн-режімде тауар қоры, қойма, транс­порт жағдайы туралы мәлі­мет­тер­ді көруге, дәрілер мен меди­ци­­на­лық бұйымдарды жеткізу ту­ра­­лы, олардың медициналық ұйым­­дар арасындағы қалдығы жайын­да ақпаратты көруге бола­тынын жеткізді. Сонымен бірге, шарада отан­дық фармацевтикалық өндіру­ші­лерді қолдау мәселелері, ҚР фар­мацевтикалық нысандарына инвес­ти­цияларды тарту мен Қазақстан на­рығына дәрілік заттар мен меди­ци­налық бұйымдарды жіберу жү­йе­сін жетілдіру мәселелері талқыланды. Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ