17 Мамыр, 2016

Хиллариге Билл жәрдемдеседі

299 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
 шарайна-1Демократиялық партиядан АҚШ президенттігіне үміткер Хиллари Клинтон сайлауда жеңіске жеткен жағдайда, өзінің жұбайы, экс-президент Билл Клинтонға «экономиканы тірілтумен» айналысуды тапсыратынын мәлімдеді. «Экономиканы тірілту жауапкершілігін жүктемек болып отырған менің жұбайым оны қалай жасайтынын біледі», – деп айтқан Хиллари Клинтон осы мәселе жөнінде. Сондай-ақ, ол Билл Клинтонның бұған дейін көңіл бөлінбеген, оның ішінде АҚШ-тың шығысындағы көмір өндіруші аудандарды игеруге оның білімі мен біліктілігі ерекше пайда келтіретінін де атап өткен. Қазіргі кезде Х.Клинтон сайлауалды  бәсекеде демократтар арасында көш бастап келеді. Партияның алдағы съезінде ол 2239 делегаттың қолдауына ие болуы әбден мүмкін. Ал оның президенттікке кандидаттыққа ұсынылуына 2383 дауыс қажет. Өлім жазасын енгізуге уәде берді Филиппиннің жаңа президенті Родрига Дутерте ел аумағында өлім жазасын қолдануды қайта енгізуге және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қылмыскерлерге қарсы оқ атуға рұқсат бермек. Бұқаралық ақпарат құралдарының таратқан ақпараттары бойынша, бұл – ел басшысының резонанс туғызатын кезекті бастамаларының бірі. Бұған дейін ол алкоголь өнімдері мен темекі шегуге тыйым салуға, сонымен қатар, балалар үшін түн мезгілінде коменданттық сағат енгізуге және президенттік сарайда аурухана орналастыруға сөз берген екен. Бұл ел 2006 жылы қылмыскерлерді өлім жазасына кесуден және оны орындаудан бас тартқан еді. Президенттің айтуынша, ол парламенттен жазалаудың ең қатал түрі ретінде өлім жазасын қайта қалпына келтіруді сұрамақ. Ал қылмыс жасағандар қамауға алар кезде және ұйымдасқан қылмыспен байланыстағыларды ұстаған кезде, олар қарсылық көрсетсе, құқық қорғау органдары қызметкерлері қару қолдана алады. шарайна-2Британия ЕО-дан шыққан жағдайда... Ұлыбритания Еуропалық одақтан шыққан жағдайда, ел аумағынан үш миллион еуропалық шығарылуы мүмкін екендігін Корольдіктің ішкі істер министрлігі хабарлады. Лордтар палатасы өкілдерінің министрлер кабинетіне мынадай мағынада сұрақ берілген: «Ұлыбритания Еуропалық одақтан шыққан жағдайда, сіз Корольдік аумағында орнығып қалған Еуроодаққа мүше елдердің азаматтарының осында тұра беруіне ниеттісіз бе?». Бұған Шотландияның бас прокуроры Ричард Кин жауап қайтарыпты. «Егер Ұлыбритания Еуропалық одақ құрамынан шығуға дауыс берсе, үкімет елде позитивті жағдайды сақтау үшін бар мүмкіндікті жасайды, – деген ол. – Бірақ, Еуроодақ заңы бойынша, ондай азаматтардың құқығына кепілдік берілмейді». Өткен жылдың мамырында Ұлыбританияның премьер-министрі Дэвид Кэмерон 2017 жылдың соңына дейін Біріккен Корольдіктің Еуроодаққа мүшелігі мәселесі жөнінде референдум өткізуге уәде берген еді. Қысқа қайырып айтқанда:
  • Израильдің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Францияның палестикалықтармен бейбіт келіссөзді қай­та жалғастыру туралы бастамасын қолдамады. Оның мәлімдеуінше, келісімге келудің ең басты жолы – алдын ала талаптар қоймай, бейбіт келіссөз жүргізу.
  • Кеше Венада Армения президенті С.Саргсян мен Әзер­бай­жан президенті И.Алиев кездесіп, тараптар Таулы Қарабақ мәсе­лесін талқылады. Оған АҚШ, Ресей және Франция өкілдері қатысты.
  • Осы жылдың жаз маусымында АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапонияның әскери-теңіз күштері алғаш рет бірлескен зымыранға қарсы оқуларын өткізеді. Ол Гавай аралдары аумағында өтеді.
  • Қытай астанасы – Бейжіңде Зика вирусы безгегімен аурудың алғашқы оқиғасы тіркелді. Қытайлық әйел ауруды Венесуэладан жұқтырып келгені анықталған.
шарайна-3Отыздан астам курсант ажал құшты Йеменнің оңтүстігіндегі Мукалла портында жанкештінің өзін-өзі жарып жіберуі салдарынан 30-дан астам полиция курсанты ажал құшты. Бұл ақпаратты «Би-би-си» таратты. Жергілікті дәрігерлердің айтуына қара­ғанда, осы террорлық әрекеттен кемінде 60 адам жараланған. Ал жарылыс сәуір айында қайтадан үкіметтік әскерлердің қолына өткен Мукалла портының шеткері жағында болған. Ресми адамдардың хабардар етуінше, бұдан басқа тағы бір жарылыс жасалған. Шабуыл жасаушылар жергілікті қауіпсіздік қызметінің басшысын өлтірмек болыпты. Бір жақсысы, ол тірі қалған, өкініштісі – оның алты күзетшісі қаза тапқан. Шабуыл Йемен үкіметі мен көтерілісші хуситтер арасында келіссөздердің жүргізіліп жатқан кезінде жасалып отыр. Бұл елдегі әскери қақтығыс бір жылдан астам уақыттан бері тоқтамай келеді. Қауіпсіздік жолындағы қадам Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Сауд Арабиясының ішкі істер министрлігі Мекке провинциясында Таяу Шығыстағы ең ірі заманауи командалық қауіпсіздік орталығын іске қосуға дайындалып жатыр. Қазіргі кезде жолдардағы қауіпсіздік орталығы істеп тұр. Бұл орталықты 2015 жылы мұрагер ханзада Мұхаммед бин Наиф, сондай-ақ, Корольдіктің вице-премьері мен ішкі істер министрі іске қосқан екен. Елдің ішкі істер министрлігі бірлескен қауіпсіздік шараларының ұлттық орталығын басқаратын және онда жұмыс істейтін 1600-ден астам офицер мен қатардағы жауынгерді әзірліктен өткізіп те қойыпты. Орталық қызметкерлері ағылшын тілін меңгерген, сол үшін шетелдегі арнайы оқулардан өтіпті. Орталықтың ең басты ерекшелігі – онда 18 мың бақылау камерасының болуы. Бұл шаралар қажылық кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасалып отыр. шарайна-4Тергеу ақиқат үшін қажет Тәжікстанның сыртқы істер министрлігі Ресейден Мәскеудегі Хованск зиратында болған төбелесті бұрмаламай, ақиқат тұрғысында тергеуді талап етті. Осы төбелес кезінде Тәжікстанның үш азаматы ажал құшқан еді. Тәжікстан сыртқы істер министрлігінің Ресейдің осы елдегі елшісіне табыс еткен хабарламасында «болған оқиғаға нақты тергеу жүргізуді және оған кінәлілерді қатаң жауапкершілікке тартуды» талап еткен. Айта кетейік, Хованск зиратындағы төбелес 14 мамырда орын алды. Оған күрекпен, арматура кесінділерімен, сондай-ақ, атыс қаруларымен қаруланған 200-ге жуық адам қатысқан. Төбелес кезінде Тәжікстан азаматтары – С.Хушаков, И.Ризове және С.Собиров қаза тауып және төрт адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде адам өліміне соқтырған осы оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Интернет материалдары негізінде әзірленді