28 Қаңтар, 2011

Дүбірге толы дүние

406 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Иранмен келіссөз жүргізу қиын

Ыстамбұл қаласында Иранның ядролық бағдарламасы бойынша өткізілген келіссөз нәтижесіз аяқталды. Оған әлемдік «алтылық», яғни БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты мүше елдер: АҚШ, Қытай, Ресей, Ұлыбритания, Франция және оған қоса Германия, сондай-ақ Иран Ислам Республикасының делегациялары қатысқан болатын. Бұл келіс­сөз­дің нәтижесіз аяқ­талатынын күні бұ­рын аңғаруға бол­ғандай еді. Соған қарамай, оны өт­кі­зудің де қисы­ны болды. Бір жа­ғы кейін ке­ліс­сөзге шақыр­ған­да келмедіңдер деген сөз айтпас үшін, сонан соң осы мәселенің оң шешілуіне септігі тиеді-ау деген нәрсенің бәріне де көңіл бөлген жөн еді. Нәтижесіз аяқталады дегенде, Иран жағы оның нәтижелі болғанын мүлде қаламайтынын көптен бері көрсетіп келе жатыр. Бұл келіссөз оларға кезекті сөз жарыстыру үшін, қалайда өздері­нің ядролық бағдарламасының шын мәнін жасыру үшін ғана керек екенін ұғу әсте де қиын емес. «Алтылық» пен Иран арасын­да келіссөз өткен жылдың аяғын­да да жүргізілген. Оның нәтижесі келесі келіссөзді Женевада емес, Ыстамбұл қаласында өткізу бол­ды. Біреулер соның өзін белгілі дәрежеде тіл табысу деп көр­сетті. Шын мәнінде қаланы өз­гер­туде тұрған ешнәрсе жоқ еді. Ыстамбұлдағы келіссөзде «ал­тылық» жағының делегация­сын Еуроодақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөнін­дегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштон басқарды. Және ол келіссөздің сәтсіз аяқталғаны жөніндегі мә­лім­демесінде оған жауапты деп Иран жағын айыптады. Оның айтуынша, Иран жағы негізсіз та­лаптар қойған. Біріншіден, олар Иран Республикасына қа­тыс­ты БҰҰ санкцияларын жою­ды талап етсе, екіншіден, Иран­ның ядролық бағдарламасын одан әрі жал­ғас­тыра беруі жө­нін­де келісімге қол қоюды ұсынған. Әрине, мұндай та­лапты «алты­лық» жағы қабыл алмайтынын Иран жағы жақ­сы біледі және оларға керегі де сол еді. Сондай-ақ Теһран «алтылық­тың» қандай ұсыныс жасайты­нын да білді және оған өздері еш­қашанда көнбейтін еді. Иранның ядролық зерттеулерін МАГАТЭ-нің бақылауы – «алтылық» та­рапынан басты талап. Теһран мұ­ны бұрын да қабылдамаған, ал­дағы уақытта да қабылдамайды. Жалпы, Иранның ядролық бағ­дар­ламасы сөз болғанда, «алты­лық» Иранның төмен байытыл­ған уранын 20 пайыздық байы­тылған уранға айырбастауды ұсынады. Бұл Иранның ядролық қару жасауына мүмкіндік бермес еді. Содан да олар бұл мәселені тіпті талқылаудан да бас тартты. Жалпы, Иран соңғы кезде өзінің ядролық бағдарламасына байланысты біршама белсенділік танытып жүр. Соның бірі – өзінің ядролық нысандарына біраз ел­дердің дипломаттарын, біраз ха­лық­аралық ұйымдардың өкілде­рін шақырды. МАГАТЭ-ге мүше 120 елдің тек жетеуінің ғана дип­ломаттары Теһранның «шарасы­на» қатысты. Еуроодақ ол ны­сан­дарға істің жайын білетін МАГАТЭ мамандарын шақыруға кеңес берді. Тіпті Ресей де осындай пікірде екенін мәлімдеді. Келіссөз де, дипломаттарды ядролық нысандарға шақыру да Теһранның өздерінің шын ниеттерін бүркемелеу әрекеттері екенін жұрт жақсы біледі. Содан да оған оншалықты мән бермеді.