19 Мамыр, 2016

Қостанайлықтар мемлекеттік тілден диктант жазды

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
19-05-2016 diktant 1ҚОСТАНАЙ. 19 мамыр. Қостанайда мемлекеттік тілден ашық диктант өтті. Оған қатысқан 80 адамның  20-сы «үздік» деген бағаға жазып шықты. Бұл туралы облыс әкімдігі «Қоғамдық келісім» мекемесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қазақстан халқы Ассамблеясы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап ұйымдастырды. Мемлекеттік тілден диктант облыс орталығындағы Л.Толстой атындағы әмбебап кітапханада, сонымен қатар барлық жоғары оқу орындарында және аудандық кітапханаларда өтті. Диктант мәтіні «Мәңгілік ел – патриоттық актісі» деген тақырыпта болды. Диктант мәтінін оқыған, тексерген филология магистрлері мен оқытушылардың пікірінше, мәтін тыныс белгісі жағынан күрделі болды. Алайда, оған қатысқандар жақсы жазып шықты деуге болады. Диктант жазып, мемлекеттік тілден өз білімін тексергендердің арасында мемлекеттік қызметкерлер, қоғамдық белсенділер, студенттер, оқушылар, этномәдени орталықтардың өкілдері және жергілікті ұлтпен қатар түрлі ұлттар өкілдері болды. «Диктантты үздік жазғандар арасында этномәдени бірлестіктер өкілдері де бар. Әсіресе студенттер мен мектеп оқушылары өте жақсы жазды», – деді «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі ұлтаралық қатынастар саласын ғылыми-сараптау, бақылау және талдау бөлімінің жетекшісі Раиса Завгородняя. Диктантты «беске» және «толық төртке» жазғандарға «алғыс хаттар» тапсырылды. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, фото: Қостанай облысы әкімдігі «Қоғамдық келісім» мекемесінің баспасөз қызметі. 19-05-2016 diktant 2