19 Мамыр, 2016

Украина жоғарғы радасы Днепропетровскінің атын өзгертті

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19-05-16-rada

АСТАНА. 19 мамыр. Украина парламенті Днепропетровск қаласын «Днепр» өзгерту жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарына сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Шешім қала тұрғындарының 80 пайыздан астамы бұрынғы атауын сақтап қалуға дауыс бергендеріне қарамастан шығарылып отыр. Ал оппозиция өкілдері ел билігінің осылайша қалаларға жаңа атаулар беру арқылы қоғамды өзіне қарсы қоя бастағанын мәлімдеп үлгерді. Жоғарғы радада 274 депутат қала атын өзгертуді қолдады. Ал керегі 226 дауыс қана болатын. Осыған орай Украинаның ұлттық жаднама институтының басшысы Владимир Вятрович өзінің Twitter-дегі парақшасында қаланың жаңа аты Днипро екенін, енді оның орыс тілінде де ол осылай жазылуы керектігін атап өтіпті. Рада Днепропетровскіден бөлек, тағы 300-ден астам елді мекеннің аттарына өзгерістер енгізді. Бұлардың арасында 9 аудан, 6 қала және 284 село мен поселке бар. Солардың қатарындағы Днепродзержинск қаласы бұдан былай «Каменское» деп аталатын болды. Енді украин парламентіне тағы 9 елді мекен мен 2 ауданның, сондай-ақ облыс орталығы – Кировградтың атын өзгерту қалып тұр. Талғат Райымбек. Дерек, фото: РИА Новости.