19 Мамыр, 2016

Захарова cөзінде тұрып, саммитте «Калинкаға» биледі (видео)

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19-05-16-zaharova-2

АСТАНА. 19 мамыр. Бүгін Ресейдің Сочи қаласында өтіп жатқан Ресей-АСЕАН саммитінің қабылдауы кезінде елдің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова «Калинкаға» биледі. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарына сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Захарова осылайша осының алдында баспасөз мәслихатында берген уәдесін орындады. Ол журналистерге қабылдау жайында айтып тұрып: «Кеш бағдарламасына орыстың халық билерінің кіретініне уәде беремін. Менің өзімнен – «Калинка» шығады», - деген еді. Конференсье сахнада «Калинканы» хабарлаған кезде, оның «Ресей тұрғындары мен «Челси» фанаттарының ғана емес, сонымен қатар көптеген шетелдіктердің де сүйікті әні» екенін жеткізді. Осыдан кейін әннің өзі естіле бастады. Сол кезде Мария Захарова сахнаға шығып, оның әуені аясында билей жөнелді. Кейінірек Life телеарнасына берген сұхбатында Захарова мұның шын мәнінде экспромт болғанын, өзінің биге арнайы дайындалмағанын айтты. «Біздің бәріміз орында отырып, жұмыс жасап, біраз шаршаған болсақ та, солай етуге тура келді. Мен өзіміздің осы қабылдауға іліне қалсақ, міндетті түрде билеп беретінімді айтқан едім. Сол уәдені орындау керек болды. Бірақ мен бұған өкінбеймін», - деді ол. Алайда, Мария Захарова өзінің биік өкшелі туфлимен қалай билей алғанын айта қойған жоқ. «Бұл – әйелдік құпия. Осыдан шеберлік сыныбын бере аламын», - деп қойды ресми өкіл. Талғат Райымбек. Дерек, фото, видео: РИА Новости. https://youtu.be/-mS1NdTdS1o