20 Мамыр, 2016

Ядролық қарусыздану саласында Қазақстан айрықша үлгі

246 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
DSC_8338-377Мәжіліс Төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов бастаған делегация да Санкт-Петербург қаласында ТМД-ға қатысушы мем­лекеттер Парламентаралық Ассамблеясының іс-шара­ларына қатысуда, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Бұл көктемгі сессияның айыр­машылығы ТМД ПАА құра­мына енетін ұлттық парла­мент­тердің спикерлерімен қатар, шара жұмысына бірқатар халық­аралық ұйымдардың жетек­шілері де қатыспақ. Соның ішінде, әлемдегі ірі парламентаралық ассамблеялар: Парламентаралық Одақ, Еуропа Кеңесінің Парла­ментаралық Ассамблеясы, Еуро­­падағы қауіпсіздік және ынты­­­мақтастық ұйымының Пар­ла­ментаралық Ассамблеясы, Дос­тас­тықтың (ұлттар) Парла­менттік қауымдастығы бар. Алғашқы күні делегация өкілдері «Еуразиялық эконо­ми­калық перспектива» IV халық­аралық форумына қатысты. Онда ЕАЭО Азияның оңтүстік-шығыс елдерімен ынтымақтастық перспективасы, еркін сауда ай­мағын құру мәселелері әңгіме өзегіне айналды. Мәжіліс Төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов «Еуразиялық экономикалық перспектива» IV халықаралық форумында сөйлеген сөзінде келісілген аграрлық саясатты одан әрі жал­ғастыру және оның ЕАЭО инфрақұрылымы мен көліктік-логистикалық дамуға байланыс­ты түйіндесу мүмкіндіктерін меңгеруді ұсынды. Б.Ізмұхамбетов БҰҰ болжамы бойынша 2050 жылға қарай әлем тұрғындарының саны 10 млрд.-тан асатынын, соған сәйкес, азық-түлік өніміне деген сұраныс 70 пайызға артатынын еске салды. Қазіргі уақытта дүниежүзінде экологиялық таза өнімге деген сұраныс жыл сайын 20-30 па­йыз­ға артқаны байқалады. – Тұрақты дамудың ғалам­дық күн тәртібінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса өзекті болмақ. Бізде осы олқы­лықтың орнын толтыру үшін таби­ғи ресурстар да, адам капиталы да бар. Сонымен қатар, ЕАЭО-тың Еуропа, Қытай, Азия аралығында орналасуы бізді қажетті басымдықтармен қамта­масыз етеді, – деді Мәжіліс Спикері. Мәжіліс Төрағасының айтуынша, бүгінгі күні Қазақстан­да 100 млн.-нан астам жер ауыл шаруашылығы айналымына берілген. Соңғы 10 жылда ауыл шаруашылығында өндіру көлемі 41 пайызға, экспорт көлемі 59 пайызға артқан. Осы саланың негізгі капиталына құйылған инвестиция көлемі 2005 жылы 149 млн. доллардан 2015 жылы 507 млн. долларға, 3 есеге дейін ұлғайды. Өз сөзінде Б.Ізмұхамбетов отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қолдау үшін заңнамалық база құру қажет­­тілігін атап өтті. Өткен жылы «Ауыл шаруашылығы коо­пера­тивтері туралы» және «Ор­ганикалық өнімдер өндіру туралы» заңдар қабылданған болатын. Мәжіліс Төрағасы аталған саланы дамытуға және жаңа технологиялар енгізуге Астанада орналасатын Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы да ықпал ететіндігін жеткізді. Осы ретте Мәжіліс Төр­ағасы ЕАЭО-ны дамытудың халықаралық бағдарына ай­рықша назар аударды. Б.Із­­мұхамбетовтің пікірінше, Қазақ­стан Президентінің ірі ин­тег­рациялық жобаларды түйін­дестіру мақсатында «Үлкен Еуразия» құру туралы идеясының өзек­тілігі жыл санап артып келеді. Осы ретте Мәжіліс Спикері ЕАЭО, ШЫҰ-мен ықпалдастық, Жібек жолының экономикалық белдеуі әріптестікті дамыту­дың маңызды тетіктері екендігін атап өтті. Бақтықожа Ізмұхамбетов­тің сөзінше, өзара іс-қимыл көлік-логистикалық саламен шек­телмейді. Мәжіліс Төрағасы: – Екі ұйымға қатысушы-мем­лекеттер экономикасының жиынтық көлемі 11 трлн. доллардан астам немесе ІЖӨ жалпы әлемдік көлемінің 15 пайызын құрайды. Тұрғындар саны 1,5 млрд.-тан асады. Жақын уа­қыт­та Қытаймен сауда-эконо­ми­­калық ынтымақтастық туралы келіссөздер басталады. Энер­гети­ка, телекоммуникация, пайдалы қазбаларды өндіру және қайта өңдеу сынды салаларда өзара тиімді мүмкіндіктер бар. Және өндірістік, агроөнеркәсіптік, инно­­вациялық кооперация жақсы әлеуетке ие, – деп атап өтті. Жалпы алғанда, 40 мемлекет ЕАЭО-мен ынтымақтастық орнатуға ынталы екенін алға тартқан Мәжіліс Төрағасы Ода­қ­тың еркін сауда аймағы жүйесін кеңейту арқылы ірі сауда блоктарымен өзара тиімді әріптестік ор­нату қажеттілігі туралы пікірін біл­дірді. Олар, атап айтқанда, Еуро­палық одақ, сондай-ақ, Транс-Тынық мұхиты. Жиынға қатысушы парла­мент­шілердің айтуынша, Қазақ­стан Президентінің ЕАЭО-ЕО піші­мінде халықаралық конференция өткізу туралы бастама­­лары Еуроодақпен еркін сауда айма­ғын құру жөніндегі келіссөздер үдеріс­терін жеделдетуге жол ашады. – Одақты дамыту үдерісі өңір­лік экономикалық бірлес­тіктер­мен стратегиялық ынты­мақ­тастыққа шыға отырып, аймақ­тық жоспар бойынша интеграцияны біртіндеп дамытудан көрінеді, – деді Б. Ізмұхамбетов. Сондай-ақ, форумда сөйлеген сөзінде Мәжіліс Төрағасы пар­ла­ментшілерді, саясаткерлер мен сарапшыларды Қазақстан Президентінің «Әлем. XXI ғасыр» манифесін ілгерілету жолында бірігуге шақырды. Б.Ізмұхамбетов: «ЕАЭО мү­шелері арасында, сондай-ақ үшінші мемлекеттермен өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастық тек қана жал­пыға ортақ және бөлінбейтін бейбіт жағдайда ғана мүмкін болмақ. Сондықтан, Қазақстан басшысының манифесі – халық­аралық экономикалық ын­ты­­мақтастыққа негізделетін жаһан­дық қауіпсіздікті сақтау, бей­бітшілікті нығайту ісіне қосылған зор үлес», – деді. Осы күні Бақтықожа Ізмұхам­бетов Мемлекеттік Дума Спикері Сергей Нарышкинмен және Парламентаралық Одақ төрағасы Сабер Чоудхуримен келіссөздер жүргізді. Б.Ізмұхамбетов пен С.Нарыш­кин парламентаралық ынты­мақтастық Қазақстан мен Ресей­дің стратегиялық әріптестік қарым-қатынасында маңызды орынға ие екенін айта келіп, одан әрі нығаюына сенім білдірді. Тараптар, сондай-ақ, Қазақстанда өткен және алдағы уақытта Ресейде болатын парламенттік сайлау науқандары жөнінде әңгіме өрбітті. Парламентаралық өзара іс-қимылды күшейту тақырыбы Мәжіліс Төрағасының Парла­ментаралық Одақ төрағасы Сабер Чоудхуримен кездесуінде жал­ғасты. Осы ретте кездесу иелері ядролық қарусыздану жағдайына, осы мәселеде Қазақстан мен біздің Елбасының рөліне айрықша назар аударды. Б.Ізмұхамбетов С.Чоудхуриді Семей ядролық полигонының жабылғанына 25 жыл толуына арналған, үстіміздегі жылдың тамыз айына жоспарланып отырған халықаралық конференцияға қатысуға шақырды. Өз кезегінде Парламентаралық Одақ төрағасы шақыруды қабылдай отырып: – Сіздердің Президенттеріңізге ядролық қарудан бас тарту туралы қабылдаған батыл шешімі үшін шексіз ықыласымды білдіргім келеді. Ядролық қарусыздану саласында атқарылып жатқан жұмыстарда Қазақстанды айрықша үлгі тұтуға болады. Алдағы уақытта біздің әріптестігіміз бұрынғыдан да арта түсетініне сенеміз. Сіздердің елдеріңіз басқа мемлекеттерге де ядролық қарудан бас тарту үшін үлгі болатыны шүбәсіз, – деді. С.Чоудхури, сондай-ақ, Қазақстанның түрлі парла­ментаралық құрылымдардағы іс-тәжірибесі өзге елдерге де пайдалы болатынына сенім білдірді.