19 Мамыр, 2016

Нұрсұлтан Назарбаев Сенегал президентімен кездесті

276 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
19-05-2016-prezident 1АСТАНА. 19 мамыр. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізге ресми сапармен келген Сенегал республикасының президенті Маки Саллмен кездесті. Бұл туралы akorda.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Мемлекеттер басшылары кездесу барысында саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін, сондай-ақ, өзара мүдделілік туғызып отырған халықаралық және өңірлік сипаттағы жайттарды талқылады. Қазақстан Президенті Африка құрлығының батыс аймағынан келген көшбасшының елімізге алғашқы сапары үшін ризашылық білдірді. «Мемлекеттеріміз арасында өзара толық түсіністік бар. Қазақстан мұсылман үмбетінің бір бөлшегі болып саналатындықтан, қазіргідей күрделі уақытта талқылап, пікір алмасатын мәселелер жоқ емес. Жалпы, біздің ел Сенегалмен барлық бағытта – саясатта да, экономикада да ынтымақтастыққа әзір. Сіздің республикаңыз Африкадағы маңызды мемлекет және онымен ынтымақтасу біз үшін зор мәртебе», – деді Мемлекет басшысы. Маки Салл Қазақстанға келуге шақырғаны үшін алғыс айтып, бұл сапар екі елдің арасындағы байланыстарды жолға қоюға мүмкіндік береді деп үміттенетінін жеткізді. «Сіздің Орталық Азиядағы және одан сыртқы әлемдегі көшбасшылығыңызға тәнтімін. Сіздің дипломатиялық, саяси және экономикалық қызметіңіз осы өңірден тысқары жерлерді де қамтып отыр. Астана Сіздің бүкіл әлемде құрметке ие болған асқан жасампаздық  қасиеттеріңіздің көрінісі болып саналады. Мен өз атымнан бүкіл Африканың Қазақстанмен ынтымақтастықты қалайтынын айтқым келеді. Қазір біздің құрлыққа бүкіл әлем қызығушылық танытуда. Біз сіздерге серіктес ретінде ынтымақтастықты жолға қою үшін келдік», – деді Сенегал Президенті. Талғат Райымбек. Дерек, фото: akorda. 19-05-2016-prezident 2