22 Мамыр, 2016

Қытайдың Нанкин университеті ұжымдық үйлену тойын өткізді (фото)

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22-05-16-nankin-1

АСТАНА. 22 мамыр. Кеше Қытайдың Нанкин қаласындағы университет өзінің стадионында ұжымдық үйлену тойын өткізді. Бұл туралы «Синьхуа» ақпарына сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Елдің шығысындағы Цзянсу провинциясында орналасқан Нанкин қаласындағы оқу орны бұл шараны өзінің 114 жылдығына арнады. Осыған орай 114 жұптың үйлену тойын ұйымдастырды. Шаңырақ көтеріп, отбасын құрып жатқандар қатарын университеттің студенттері, түлектері, педагогикалық және әкімшілік құрамы мүшелері құрады. Талғат Райымбек. Дерек, фото: Синьхуа.

22-05-16-nankin-2 22-05-16-nankin-3 22-05-16-nankin-5