ҚОСТАНАЙ. 23 мамыр. Ресей мен Қостанай шекара бекеттерінде дизель отынын Ресейге контрабандалық жолмен әкеткісі келген екі оқиға тіркелді, осы іспен айналысқан екі адам ұсталды. Бұл туралы Қостанай облысындағы №2031 әскери бөлімшесі шекара жасағының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
48 жастағы Жітіқара қаласының тұрғыны бір тонна солярканы Ресейге әкетпек болған жерінен «Желқуаравто» өткізу бекетінде ұсталды. Солярка ол мінген Ford машинасын тексеру кезінде табылды. Осы оқиғаның артырнша «Обаған» өткізу бекетінен 36 жастағы Ресей азаматы ұсталды. Ол он құтыға құйылған 2 тонна солярканы Газель машинасына атып, Қорған облысына алып өтпек болған.
Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктерінің келісімі бойынша еліміздегі биылғы жылдың көктемгі дала жұмыстарына дизель отынының бір тоннасының бағасы 95 421 теңге болып бекітілген болатын. Яғни, солярканың бір литрі диқандарға 79 теңгеге түсті. Көктемгі дала жұмыстары үшін елімізде сұраныс бойынша 366,8 мың тонна дизель отыны керек болатын. Оған республикалық бюджеттен 60 миллиард теңге қаржы бөлінді. Ал көрші Ресейде дизель отынының литрі 35 рубль, бұл 175 теңге деген сөз. Дизель отынын екі еседен аса қымбатына сатып, қарық болғысы келген пысықайлар қырағы шекарашылардың құрығынан құтылмады.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, фото: №2031 әскери бөлімшесі шекара жасағының баспасөз қызметі.
• 23 Мамыр, 2016
Дизель отынын Ресейге асырғысы келген күдіктілер ұсталды

Шымкентте заңсыз миграциямен айналысқан топ ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:42
Венгрияда жаңа саяси кезең: Орбан жеңілісін мойындады
Әлем • Бүгін, 09:37
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:19
Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Кеше
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Кеше
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Кеше
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Кеше
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Кеше
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Кеше
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Кеше
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Кеше