23 Мамыр, 2016

Ұлыбританияда ең соңғы темекі зауыты жабылды

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22-05-16-tabak

АСТАНА. 23 мамыр. Ұлыбританияның Ноттингем графтығында орналасқан Imperial Tobacco компаниясына қарасты темекі фабрикасы жұмысын тоқтатты. Бұл туралы ВВС (Би-би-си) ақпарына сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Осымен Альбион жеріндегі шылым шығаратын ең соңғы өндіріс орны өз жұмысын тоқтатты. Енді Imperial Tobacco өзінің зауыттарын жұмыс күштері мейлінше арзан елдердің территорияларына қарай біртіндеп көшіре бастайды. Компания өкілінің айтуынша, өндірісті Германия мен Польша жеріне көшіру компанияның түсімін £320 млн. ($464,2 млн.) ақшаға арттырады. Ноттингемдегі фабрика 1972 жылы салынған. Компания оның сатылғанын бұдан бірнеше ай бұрын жария етті. Өндіріс өзінің жұмысы шыңына шығып тұрған кезде жылына 52 млрд. сигарет шығарып тұрды. Кәсіпшілдер одағының өкілі Крис Нидхэмнің айтуына қарағанда, кейінгі жылдары Британияда темекіге деген сұраныс қатты түсіп кеткен. «Мәселе өндірістің құлдырауында ғана емес, мұндағы негізгі фактор қоғамның темекіге деген көзқарасының нашарлап кетуінде болып отыр», - деді ол. «Қазір олар темекіге деген әлеуметтік жеккөрушілік сезімі әлі күшті емес Азия елдеріне қарай бет бұрғалы тұр. Мен Imperial Tobacco компаниясының Ирак, Сирия, Ресей, Қытай елдерінің нарығына үміт артып отырғанына сенімдімін», - деп түйіндеді кәсіподақ өкілі. Талғат Райымбек. Дерек, фото: ВВС.