23 Мамыр, 2016

Сирияда содырлар шабуылынан қаза тапқандар 100 адамға жетті

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
23-05-2016 syriya АСТАНА. 23 мамыр. Сирияның Джабла және Тартус қалаларында жарылыстардан қаза тапқандар саны 100 адамға жетті. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Джабла қаласында жергілікті автовокзал мен ауруханада төрт жарылыс болған. Тартус аймағында содырлар үш бірдей теракт ұйымдастырған. Қаза тапқандардың көбісі бейбіт тұрғындар. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр. Экстремистік әрекеттерден ондаған адам түрлі деңгейде жарақат алды. Олардың бәрі жақын маңайдағы ауруханаларға жеткізілді. Ресми мәліметтер бойынша, лаңкестік әрекеттерді «Ахрар аш-Шам» және ТГИЛ ұйымдары өз мойнына алды. Айта кетейік, осы жылдың ақпан айының соңына таман Сирияның президенті Башар Асад үкіметі мен оппозициялық күштердің арасында бейбіт келісім орнаған. Алайда, бұл келісімнің аталған лаңкестік ұйымдарға еш қатысы жоқ. Осыған байланысты үкімет әскері  арнайы операция кезінде жүздеген экстремистің көзін жойған. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: РИА «Новости».