24 Мамыр, 2016

Күн тәртібі келісілді

253 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Төрағасы Қ.ТОҚАЕВ2 Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Сенат бюросының отырысы болды. Төраға таяу кезеңге белгіленген бірқатар маңызды шараларға назар аударды. Атап айтқанда, 31 мамырда әлемнің көптеген мем­ле­кеттерінен келетін парла­мент­шілердің, діни қайраткерлер мен сарапшылар қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен «Діндер терроризмге қарсы» тақырыбына арналған халықаралық конференция болады. 1 маусымда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XV отырысы өтеді. Сенат Төрағасы Үкімет пен Есеп комитетінің 2015 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері Пар­ламентке келіп түскені туралы да хабардар етті. 26 мамырда жоғарғы палатада есептің таныстырылымын өткізу жос­парланып отыр. Комитеттерде қаралғаннан кейін есеп 16 маусымда Сенат отырысына шығарылады. Сенат бюросы жоғарғы пала­таның 2016 жылғы 26 мамырда болатын кезекті отыры­сының күн тәртібін келісті. Сена­торлар «2006 жылғы 15 тамыздағы Қазақстан Рес­пуб­ликасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкі­меті ара­сындағы Ресей Феде­ра­ция­сы­ның аумағында ор­на­ласқан Қазақстан Рес­пуб­лика­сының теміржол учас­келері бойынша және Қазақ­стан Ре­с­пуб­ликасының аумағында ор­на­ласқан Ресей Федер­а­ция­сының теміржол учас­ке­лері бо­йынша тасымалдау төлем­дерін төлеу және жүк тасымал­дарын ресімдеу тәртібі туралы келі­сімге өзгерістер енгізу тура­лы хаттаманы ратификация­лау туралы» және «Қазақстан Рес­­пуб­­ликасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі ара­сындағы Қарыз туралы келі­сімді (Макро­экономикалық басқару және эко­номиканың бәсекеге қабі­лет­тілігін арттыру саласындағы даму саясатын қаржыландыру бо­йынша бірінші кредит) ратификациялау туралы» заң жобаларын қарайды. Бюро Қаржы және бюджет комитетіне «Қазақстан Респуб­ликасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі ара­сындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосар­ланған салық салуды бол­дыр­мау және салық салудан жал­таруға жол бер­меу туралы конвен­цияны және оған Хаттаманы рати­фикациялау туралы» заң жобасын пысықтауды тапсырды. Сонымен қатар, «Қазақстан Рес­публикасы Парламенті Сенатының 2016 жылға арналған Негізгі іс-шараларының жоспары туралы» Парламент Сенаты бюросының қаулысына да өзгеріс енгізілді, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.