24 Мамыр, 2016

Семейдегі көне көліктер керуені

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ретро-авто 1 Семей қаласында ретро автокөліктердің шеруі өтті. Шаһар тұрғындары мен қонақ­тары көшелерге ерекше көрік берген көне көліктерді тамашалаумен бірге, рульге отырып та көрді. Ретро көліктердің арасында «Волгаға» назары ауғандар көп. Автозауыттан жарты ғасыр бұрын шыққан ГАЗ-21 маркалы машина мінсіз сақталған екен. Көне заттардың қатарын көліктермен бірге көне бұйымдар және ретро әндер шырқалған концерт толықтырды. Семей­дегі Ф.Достоевскийдің әдеби-мемориалды музейі ғылы­ми-экспозициялық бөлімі­нің меңгерушісі Ирина Соловьеваның айтуынша, ірге­тасы өткен ғасырдың 60-шы жылдары қаланған мұражайда сол кезеңде пайдаланылған ыдыс-аяқтар мен киімдер мол. – Біз жастардың көз алдына өткен ғасырдың тұрмыс-тіршілігін елестетуге тырыстық. Ал сол заманның куәгерлері өткен шаққа саяхат жасап қайтқандай әсер алды, – деді мұражайдың бөлім меңгерушісі. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан» СЕМЕЙ