24 Мамыр, 2016

Бейбіт Шүменов WBA нұсқасында топ бастады

417 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
бейбут АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында қазақстандық бокс­шы Бейбіт Шүменов америкалық Джуниор Энтони Райтты жеңіп, WBA версиясының ауыр салмақ­тағы әлем чемпионы атанды. Ол қарсыласын оныншы раундта техникалық нокаут­пен тізе бүктірді. Сөйтіп, Шү­менов кәсіпқой бокстағы 17-ші жеңісіне жетті. Енді қазақ боксшысы Мәскеуде ресейлік Денис Лебедевпен WBA нұсқасының ауыр салмақтағы суперчемпионы атағын жеңіп алу үшін қолғап түйістіреді. Бейбіт Шүменов бұған дейін 18 кездесу өткізіп, со­ның 16-сында жеңіске жетсе, екі қарсыласынан ұтылған. Джуниор Райт кәсіпқой бокста 17 рет рингке шығып, 15 жекпе-жекте ұтса, біреуінде жеңіліп, біреуінде тең түскен. Қазақ боксшысы жартылай ауыр салмақтағы (79,4 килоға дейін) чемпиондық атақтарды біріктіру жекпе-жегінде Бер­нард Хопкинстен жеңіліп қалғаннан кейін бі­рінші ауыр салмаққа өткен болатын. Осыған дейін аме­рикалық былғары қолғап шебері IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы болса, Бейбіт WBA версиясында суперчемпион еді. Содан кейін Шүменов тағы бір АҚШ-тың боксшысы Джей Флоресті жеңіп, WBA нұсқасы бойынша әлемнің уақытша чемпионы титулын жеңіп алды. Қазір Халықаралық бокс ұйымының (IBO) тізімінде отандасымыз ондыққа кіріп отыр. Соңғы рет аталған ұй­ы­м нау­рыз айында барлық сал­мақ дәрежесіндегі бокс­шы­лардың рейтингін жария­лаған болатын. Сол кездегі тізімде Бейбіт Шүменов 11-ші орыннан 8-ші орынға көтерілген. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан»