өнімдері Еуроодақ стандартымен шығарылады
Польша кәсіпкерлерімен бірлескен «Химфарм» зауыты бүгінде Қазақстанның фармацевтика саласындағы көшбасшысына айналған. Дәрі-дәрмектің 200-ден аса түрін шығаруға маманданған, еліміздегі тегін медициналық көмек көрсетуге қажетті дәрілердің үштен бірін шығарып отырған кәсіпорын жақында антибиотик ұнтақтарын асептикалық жолмен бөліп шығару цехын іске қосты.
Жаңа жоба «SANTO» компаниясының жаңа жетістігі ғана емес, әлемдік нарықтағы Қазақстан үлесінің алған қомақты орнын да көрсетеді. Конвейерден алғашқы болып шыққан цефалоспорин антибиотигінің өзінен 14 түрлі дәрі жасалады екен. Негізінде, бұл антибиотиктер бұрын да шығарылып келген. Бірақ GMP стандартының талабы бойынша бөлек желі болуы керек. Зауыт тамыз айында тағы бір желіні іске қоспақшы. Сонда жылына 40 млн. құты антибиотик шығарылады.
«Химфарм» АҚ бас директоры Ижи Урбанец жаңа өндірістің фармацевтикалық саладағы инновациялық дамудың жақсы көрсеткіші екендігін айтады. Бүгінде еліміз бойынша мыңдаған адамдарға жұмыс тауып беріп отырған зауыт Қазақстандағы фармацевтика нарығында көшбасшы екендігін осындай ісімен тағы дәлелдеп отыр. Бұған дейін өнімін Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Моңғолия мемлекеттеріне экспортқа шығарып келген зауыт енді оның көлемін еселемек. «Көрші елдер арасында біздің өнімдерімізге аса қызығушылық танытып отырған мемлекет, ол – Ресей. Еуроодақ стандартымен шығарылып жатқан «SANTO» компаниясының дәрі-дәрмектерін экспорттаудағы негізгі әріптесіміз осы мемлекет болады», – дейді зауыттың бас директоры.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Оңтүстік Қазақстан облысы

Жаңа Конституция және ұлт саулығы: сарапшы көзқарасы
Ата заң • Бүгін, 21:53
Білім сапасын арттырудың жаңа мүмкіндігі
Білім • Бүгін, 21:21
Жалпыұлттық коалиция белсенділері ақпараттық науқанды аудандарда жалғастырып жатыр
Ата заң • Бүгін, 21:00
Рамазан айы азаматтардың тұтыну шығындарына қандай өзгеріс әкеледі?
Қоғам • Бүгін, 20:40
Айзат Жұманованың ісі: Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды
Қоғам • Бүгін, 20:03
Петропавл электротехникалық зауытының ұжымы конституциялық реформаны қолдады
Ата заң • Бүгін, 19:38
«Зеленый Север» ұжымымен кездесуде Конституция жобасының негізгі ережелері талқыланды
Ата заң • Бүгін, 19:30
Сарапшылар конституцияның жаңа жобасына бірауыздан қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 19:18
Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Бүгін, 18:45
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Бүгін, 18:33
«Boran–Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме
Қоғам • Бүгін, 18:18
Жылдық инфляцияның баяулауы баға төмендеуіне әсерін тигізе алды ма?
Қаржы • Бүгін, 18:03
Жеке деректер мен гаджеттерді алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Қоғам • Бүгін, 17:50
Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?
Қоғам • Бүгін, 17:40
Педагогтерге арналған байқау жарияланды: Өтінім қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 17:25