Еңбек • Бүгін, 08:12

Орта білікті маманға сұраныс көп

3 мин
оқу үшін

Enbek.kz платформасындағы нақты ақпаратқа сүйенсек, кейінгі айларда орта білікті мамандарға сұраныс көбейген. Электронды еңбек биржасындағы барлық бос орынның шамамен 46%-ы осы санаттағы мамандарға тиесілі. Жоғары білікті мамандарға сұраныс соңғы айда 27% шамасында болса, біліктілігі төмен кадрлар бос орындардың 27%-ын ғана құрапты.

Орта білікті маманға сұраныс көп

Мамырда жұмыс бе­ру­ші­лер ұзын-саны 104,7 мың бос жұмыс орнын жарияласа, жұмыс із­деу­­шілерден 123,3 мың тү­йіндеме түскен. Ал­дың­ғы айдағы көр­сет­кіш­пен са­лыстыр­ған­да бос жұмыс орындарының саны 2,1%-ға өсіп, түйіндеме бірден 15,1%-ға артқан. Салалық құрылымда кадр­ларға ең көп сұраныс білім саласында тіркелген. Нақты санмен айтсақ, 20,2 мың бос жұмыс орны. Сол секілді өзге де қызмет түр­лерін көрсету саласында – 15,5 мың, ауыл, орман және балық шаруа­шылығында – 10,7 мың, өңдеу өнеркәсібінде – 9,5 мың, денсаулық сақтау, халыққа әлеуметтік қыз­мет көрсету саласында 9,4 мың бос жұмыс орны жарияланған. Өңірлер бойынша, ең көп бос жұ­мыс орындары Астана қаласы (8,5 мың), Павлодар облысы (7,2 мың), Алматы қаласы (6,7 мың), Ақмола (6,6 мың), Қарағанды облысында (6,4 мың) тіркелген.

Жұмыс іздеушілер ара­сында әдеттегідей 35 жасқа дейінгі үміткерлер басым. Олардың үлесі барлық түйіндеменің ­39%-ын құрайды. 35-44 жас аралығындағы үміткер­лердің үлесі – 28%, 45-54 жас аралығындағылар – 20%, 55 жастан асқандар – 13% шамасында ғана. Тү­йіндеме жариялаған әйел­дердің үлесі – 53%, ерлер – 47%. Салыстырмалы түрде алып қарасақ, білік­тілік деңгейінде ұсыныс пен сұраныс құрылымы бірімен-бірі сәйкес келеді. Мысалы, түйіндемелердің 42%-ы орта білікті маман­дарға тиесілі болса, 31%-ы – жоғары білікті, 27%-ы – біліктілігі төмен жұмыс іздеушілер.

Мамыр айында ұш­қыш мамандығына жұмыс берушілер тәуір жалақы ұсынса, жұмыс іздеушілер де қарап қалмай, жо­ға­ры жалақы талап еткен. Мәселен, жұмыс беру­ші­лер шамамен 1,9 млн теңге көлемінде еңбек­ақы ұсынса, жұмыс іздеу­шілердің күткен жала­қысы 3,9 млн теңгені құ­раған. Жоғары еңбек­ақы ұсынған басқа бос жұмыс орындарының ішінде бағ­дарламалық қам­та­ма­сыз ету сәулет­шісі (1,7 млн тең­ге), жабдықтарды сынау жөніндегі басшы (1,6 млн теңге) бар. Ал жо­ға­ры жалақы күтетін үміт­керлер арасында борт­серіктер (2,1 млн теңге) мен жақ-бет хирургі маман­дары (2 млн теңге) болды.

Соңғы жаңалықтар