Астанада Қазақ ұлттық хореография академиясы ашылады.
Кеше өнер ордасына шәкірттер қабылдау басталды. Бұл оқу орны көп деңгейлі кәсіби хореографиялық білім берудің толық циклін қамтитын болады. Хореография академиясында мектеп жасындағы балалар мен жастар балет өнерін меңгереді.
Астана қаласы әкімдігінің хабарлауынша, оқу орнында білім берудің көпсатылы формасы бастапқы, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ, жоғары (бакалвриат) және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура, докторантура PhD) білім беруден тұрады.
Академия «Балет әртісі», «Би ансамблінің әртісі», «Режиссура», «Хореография», «Өнертану» және «Арт-менеджмент» мамандықтары бойынша кадрларды дайындайды. Білім ордасының мақсаты – хореография өнерін дамыту, жастарға рухани және эстетикалық тәрбие беру.
Хореография академиясында балет әртістері негізгі жалпы немесе орта жалпы білім базасында кәсіби білім алатын болады. Шәкірттер балет өнерінен бірегей тәжірибе жинау үшін шағын және үлкен сахналарда өнер көрсетеді.
Академия ғимараты Хусейн бен Талал көшесі, 9 мекенжайы бойынша ЭКСПО көрмесіне қарсы орналасқан. Оқушыларға 498 грант ұсынылады. Сондай-ақ, ақылы негізде де білім алу мүмкіндігі қарастырылған.
– Кейде баланың әлеуеті бірден көрінбейді. Іріктеу қатаң түрде жүргізіледі. Сондықтан ақылы негізде оқу мүмкіндігі беріліп отыр. Одан әрі оқушы өзін жақсы көрсетсе, грантқа ауысуына болады, – деді Қазақ ұлттық хореография академиясының өкілі Әсел Танишева.
Академия студенттерге жатақхана береді. Медициналық қызмет те көрсетеді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан»

Қазақстанның Руанда Республикасындағы елшісі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:17
Президент: Барша Олимпиада чемпиондарының аты әлем спортының жылнамасына жазылады
Спорт • Бүгін, 16:04
Оқушыларды жалған тіркеу: 2 966 мектепте заңбұзушылық анықталды
Білім • Бүгін, 15:58
Михаил Шайдоров: Мен Олимпиада алтынымен шектелмеймін
Спорт • Бүгін, 15:45
Вице-премьер Қарағанды облысындағы бөгеттер мен су қоймаларын тексерді
Үкімет • Бүгін, 15:42
Президент Михаил Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 15:23
Сауалнама: Респонденттердің 86,5%-ы жаңа Конституция жобасын қолдайды
Қоғам • Бүгін, 15:07
Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады
Оқиға • Бүгін, 14:28
Жамбылдық полицейлер құстарға ұя салып берді
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Батыс Қазақстанда жол жөндеуге бөлінген 56,5 млн теңге жымқырылған
Қоғам • Бүгін, 14:00
ЕО АҚШ-тың тариф саясатын қабыл алмайтынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 13:48
Қазақстанда ең ірі деректер орталығы құрылады
Үкімет • Бүгін, 13:34
Мемлекет басшысы Power International Holding басшылығымен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 13:13
«Странджа кубогі»: Бүгін 7 боксшымыз шаршы алаңға шығады
Бокс • Бүгін, 13:11