28 Мамыр, 2016

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығы  №547 

354 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2015 жылғы 19 маусым, Астана қаласы «Төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалаларды, апаттарды тергеп-тексеру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 46 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-14) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. «Төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалаларды, апаттарды тергеп-тексеру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 46 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10325 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 сәуірде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалаларды, апаттарды тергеп-тексеру қағидаларында: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалаларды, апаттарды тергеп-тексеру төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалаларды, апаттарды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) төтенше жағдайды жариялаған кезде жүргізіледі. Ғаламдық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi орган құратын комиссия тергеп-тексереді. Жергiлiктi ауқымдағы төтенше жағдайларды азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшесі құратын комиссия тергеп-тексередi. Комиссия құрамына мүдделі мемлекеттік органдарды және төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан авариялардың, зілзалалардың сипатына байланысты олардың аумақтық бөлімшелерін, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың өкілдері мен ұйымдардың басшыларын тарта отырып, азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның өкілдері кiредi.». 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгiленген тәртiпте: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi; 2) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркегеннен кейін күнтiзбелiк он күн iшiнде оны мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр полиция генерал-полковнигі Қ.ҚАСЫМОВ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 16 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11682 болып енгізілді.