28 Мамыр, 2016

Министрліктегі тағайындау

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сәкен Сәрсенов Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі. Бұған дейін ол Байланыс, ақ­па­­раттан­дыру және ақпарат коми­тетінің төрағасы, Инвес­тиция­лар және даму министрінің орын­басары болды. Ал оның алдында «Ұлт­тық ақпараттық технологиялар» АҚ бас­қарма төрағасының орынбасары, «Қазақтелеком» АҚ-тың электронды қыз­мет көр­сетулер жөніндегі басқарушы дирек­­т­оры, Бас прокуратураның Құ­қық­­тық статистика және арнайы есеп коми­теті төрағасының орын­басары болып қызмет­тер істеді. 2010 жылдың наурызынан 2012 жылдың қаңтарына дейін Бай­ланыс және ақпарат вице-ми­нистрі болып, 2012 жыл­­дың 1 ақ­панында Көлік және ком­му­ни­ка­циялар вице-министрі лауазымына таға­йын­далды. Ал 2014 жылдың наурызын­да Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының бірінші орынбасарлығына тағайындалған еді.