Осы жылдың 28-30 сәуірі күндері «Қазақстан» ұлттық телеарнасының тікелей эфирінен көрсетілген «Шын жүректен» республикалық қайырымдылық телемарафоны баршаңыздың естеріңізде болар. Аталған шараны «Қазақстан» РТРК» АҚ және Қазақстан халқы Ассамблеясы бірлесіп ұйымдастырған болатын. Үш күн ішінде қайырымдылық телемарафоны аясында республика бойынша жиналған 30 миллион теңге «Қазақстан халқы Ассамблеясы қоры» қоғамдық қорының есепшотына аударылды. Сонымен қатар, мұқтаж жандарға 15 миллион қаражат көлемінде түрлі қызметтер мен заттай көмек көрсетілді.
Кеше осыған орай, баспасөз мәслихаты болып өтті. Шараға «Қазақстан» РТРК-ның» басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының сектор меңгерушісі Нәзипа Шанаи қатысты. Н.Мұхамеджанова: «Қайырымдылық шарасы аясында көптеген балаға шұғыл түрде көмек көрсетілді. Олардың біразы қаржылай, жер телімдері, түрлі материалдық көмек есебінде берілді. Мәселен, эфир кезінде Зеренді ауданынан хабарласқан ІІ топтағы мүгедек көпбалалы ана, Әсемгүл Жармановаға тоңазытқыш жіберілді. Өскеменнен тікелей эфирге хабарласып, мүгедек немересіне қоларба қажеттігін айтқан зейнеткер Ғалия Кәмешованың өтініші ескерілді. Қызылордалық Дариға Көшербаева да өзінің 7 жасар мүгедек баласының қоларбасыз екенін айтып, редакциямызға хабарласты. Нәтижесінде, көп ұзамай, қоларбалар пойызбен жіберілді.
Ал Алматы филиалы студиясына арбаға таңылған 16 жасар Елемес келген еді. Ата-анасы да жарымжан кісілер болатын. Үйсіз, жұмыссыз. Мүгедектігіне алатын жәрдемақысымен бір үйлі жан күн көріп отырған. Бұл отбасына әнші Әлия Әбікен қаржылай көмектесіп еді. Олар әнші ұсынған қаражаттың 150 000 теңгесіне жер телімін сатып алып, қалған бөлігіне үйдің іргесін қалады. Көп ұзамай бұл жаңалықты естіп қуанған Әлия үй құрылысын толық аяқтауға қаржылай көмектесетіндігін айтып, осы отбасының әлеуметтік жағдайына қарайласатындығымен бөлісті», – деді.
Қазіргі таңда көмекке зәру отбасылардың өтініштерін қарастырумен айналысатын арнайы қоғамдық кеңес құрылды. Бұл қайырымдылық телемарафоны әлі де жалғаса бермек. Сондай-ақ, жиын соңында аталған телеарна басшысы өздерінің алдағы уақытта өткізетін қызықты да игілікке толы тың жоспарларымен бөлісті.
Раушан СҮЛЕЙМЕНОВА

Үкіметте қазақ тіліндегі контент үлесін арттыру мәселелері қаралды
Үкімет • Бүгін, 13:04
Емдік су және бірегей табиғат: Алакөлге барудың бес себебі
Туризм • Бүгін, 13:02
Астананың орталығындағы Триатлон саябағы аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 12:53
Депутат: Неге әр өңірде жылдамдық режиміне әртүрлі тәсіл қолданылады?
Парламент • Бүгін, 12:50
Қазақстанда шетелдік шаруаларды жұмысқа алу талаптарын жеңілдету ұсынылды
Парламент • Бүгін, 12:27
Шомылу маусымына дайын: Алакөл жағалауында инфрақұрылым жұмыстары толық аяқталды
Туризм • Бүгін, 12:20
Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған бизнес орталық тағы да сатылмады
Қоғам • Бүгін, 12:14
«Дарын» жастар сыйлығына байқау жарияланды: Құжаттар қашанға дейін қабылданады?
Мәдениет • Бүгін, 12:06
«Семей орманы» резерваты аумағында бір тәулікте 14 орман өрті тіркелді
Оқиға • Бүгін, 11:55
Иран Қазақстанға Ормұз бұғазындағы порттан жер телімін береді
Әлем • Бүгін, 11:45
Отандық тауарлар БАӘ нарығында кедендік жеңілдіктерге ие болмақ
Экономика • Бүгін, 11:39
Қазақстан халықаралық банктерден 470 миллиард теңгеден астам қарыз алады
Парламент • Бүгін, 11:28
АҚШ-та терроризмге қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:21
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында қандай мәселелер қаралады?
Парламент • Бүгін, 10:54