29 Мамыр, 2016

Дэвид Кэмерон Астана әуежайында бір сағат болып кетті

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29-05-16-kemeron

АСТАНА. 29 мамыр. Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон 27 мамыр күні түнде Астана әуежайында бір сағат отырып, ары қарай ұшып кеткен. Бұл туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпарға сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Британия үкіметі басшысының елорда әуе айлағында отырғанын саясаттанушы Ерлан Карин көріп, сол сәтті суретке түсіріп алып, оны Facebook-тағы өзінің парақшасына жариялаған. «Британия премьері Дэвид Кэмерон Астана әуежайында бір сағат отырды», - деп жазады әлеуметтік желіні пайдаланушы. Ұлыбритания премьер-министрінің осы жерде жүргенін көрген көп адам сол бойда рәсімге тартып алған. «Өткен түнде Британия премьері Астанада болды. Рас, бар болғаны 60 минут. Аэропортта. Токиодан Лондонға ұшып бара жатқан жолында», – делінген саясаттанушы хабарламасында. Талғат Райымбек. Дерек, фото: Facebook.
Соңғы жаңалықтар