30 Мамыр, 2016

Қарағандыда халықаралық Олимпиада күні аталып өтті (фото)

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
30-05-2016 olimpiada 1ҚАРАҒАНДЫ. 30 мамыр. Қарағандыдағы «Шахтер» стадионында халықаралық Олимпиада күні аталып өтті. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Спорттық шараға мектеп және колледж оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері, барлығы бір жарым мыңдай адам қатысты. Олар жаттықтырушы-нұсқаушылардың көмегімен жалпыға бірдей жаттығулар жасады. Спорттық шарадан мүгедек спортшылар да шет қалмады. Олардың арасында суда жүзуден бүкіләлемдік Паралимпия ойындарының чемпионы Наталья Звягинцева да болды. Спортшы жақында Рио-2016 Паралимпиадасының лицензиясын жеңіп алған болатын. Халықаралық олимпиада күніне арналған мерекелік шараның ашылу салтанатына Афина Олимпиадасының қола жүлдегері, онсайысшы Дмитрий Карпов қатысты. Қайрат Әбілдинов. Дерек, фото: Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі. 30-05-2016 olimpiada 2 30-05-2016 olimpiada 3
Соңғы жаңалықтар