АСТАНА. 30 мамыр. Қорғаныс министрлігінің делегациясы Брюссель қаласындағы НАТО-ның штаб-пәтерінде серіктестік және ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі комитеттің отырысына қатысты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бельгияның астанасына қазақстандық делегацияны Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Мұхтаров бастаған барды.
НАТО-ның штаб-пәтерінде 28 елдің делегациясы «Жоспарлау және талдау үдерісі» (ЖЖТҮ) бағдарламасын талқылады. Онда қазақстандық әскерилер Солтүстік Альянспен арадағы қарым-қатынасқа зор мән беретінін, екіжақты ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Кездесуде НАТО-ға мүше елдердің өкілдері еліміздің Қарулы Күштерінің бітімгершілік бөлімшелерінің даярлығына жоғары баға беріп, 2003 жылдан бері Солтүстік Альянс мемлекеттері бөлімшелерінің қатысуымен өткізілетін «Бейбітшілік үшін серіктестік» пен «Дала қыраны» бітімгершілік оқу-жаттығуын қолдап отыратындарын айтты.
Сапар барысында генерал-майор Мұхтаров НАТО-ның бас хатшысы Александр Вершбоумен кездесті. Кездесуде екіжақты ынтымақтастық, өңірлік қауіпсіздік мәселелері талқыланды.
Дастан Кенжалин.
Дерек, фото: Қорғаныс министрлігі.