31 Мамыр, 2016

Солтүстікте тұрғындар егін алқабынан граната тауып алды

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30-05-16-granata

ПЕТРОПАВЛ. 31 мамыр. Солтүстік Қазақстан облысының егістік алқабынан жергілікті тұрғындар граната тауып алды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Облыстық Қызылжар ауданындағы Якорь ауылының егістік танабынан табылған жарылғыш заттың Азамат соғысы жылдарынан қалған болуы да мүмкін. Баспасөз қызметі хабарлағандай, Қызылжар аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне Якорь ауылынан қоңырау шалынып, онда көктемгі егіс науқаны жүріп жатқан кезде егістік алқаптан тұрқы гранатаға ұқсайтын заттың табылғаны баяндалған. Оқиға орнына тез жеткен полицейлер ауылдастар қолдарынан айтылған суық қаруды алып қарады. Тәртіп сақшылары қарау барысында айрықша күшті коррозияға ұшыраған гранатаның сақтандыру шегі жоқ екенін және  маркалық белгілерінің өшіп қалғанын анықтады. Қауіпті зат уақытша сақтау үшін жарылғыш заттар қоймасына қойылған. Осыдан кейін ол далаға шығарылып, саперлердің жарып жіберуіне ұласады. Өмір Есқали. Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметкерлері.