Төртінші халықаралық «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесіне санаулы күндер қалды. Бұл көрмеде қазақстандық қорғаныс өндірушілері өздерінің тың жаңалықтарын көрсетеді.
«ARMYTEX» қазақстандық компаниясы МиГ-29, МиГ-31, Су-25 және Су-27, Су-29 маңдайшептік авиацияның ұшақтарына арналған парашюттік-тежегіш жүйелерін ұсынады. Парашюттік-тежеуіш жүйесі көліктік құралдарды тежеу және дөңгелектердің тежегіш жүйесін жүктен босатуға арналған. Жасанды төмендету арқылы тежеу кезінде жүрістің қашықтығын азайтады.
Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 300-ге дейін парашюттік-тежегіш жүйелерін шығаруға жетеді. Осылайша, Қазақстан Қорғаныс министрлігінің мұқтаждығын толығымен өтейді және аталмыш бұйымдардың экспорттық әлеуеті құрылады.
Компания аталған өнімді Қазақстан Қарулы Күштерінің мұқтаждығы үшін шығаратынын және халықаралық деңгейге шығуды жоспарлап отырғанын айта кеткен жөн. Ал алдағы «KADEX-2016» көрмесі отандық кәсіпорындардың мүмкіндіктері мен даму перспективасын кеңейтеді.
Одан басқа, көрме елімізге ірі шетелдік әзірлеушілер мен әскери және арнайы мақсаттағы өнім өндірушілерін тартуға септігін тигізеді. Соңғы деректерге сәйкес биылғы жылы 43 елдің қорғаныс компаниялары өздерінің жетістіктерін көрмеде паш етеді.
«Егемен-ақпарат»

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше