Астанаға ресейлік сот органдарының делегациясы жұмыс сапарымен келді. Делегация құрамына Ресей Федерациясы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот департаменті Бас директорының орынбасары Виктор Агеев, Кострома облыстық және Солтүстік Кавказ округтік әскери соттарының төрағалары, Сот департаменті басқармаларының бастықтары, сондай-ақ, «Правосудие» мемлекеттік талдамалық жүйесін қолдаудың ақпараттық-сараптамалық орталығы» федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесінің басшысы Леонид Юхневич енген.
Сапар ресейлік тараптың бастамасы бойынша өтуде. Мақсаты – электронды сот төрелігін енгізу мен соттар жұмысын ұйымдастырудағы қазақстандық тәжірибені зерделеу.
Сапардың алғашқы күні Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәмимен, Жоғарғы Соттың мамандандырылған алқасының төрайымы Айгүл Қыдырбаевамен, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ілияс Испановпен, департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерімен бірқатар кездесулер өтті. Ресейлік делегация Қазақстанның сот құрылысы мен сот ісін жүргізу барысынан, сондай-ақ, Ұлт Жоспарын іске асыру шеңберінде сот жүйесінде орын алып жатқан өзгерістерден хабардар. Шетелдік қонақтар үшін Қазақстан Жоғарғы Сотының ақпараттық сервистері («Төрелік» ААТЖ, «Е-қызмет», ішкі портал, «Сот кабинеті») мен Жоғарғы Соттың соттармен және ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің мекемелерімен бейнебайланыс жүйесінің таныстырылымы өтті.
Сапар аясында ақпараттық сервистердің жұмысымен тікелей танысу мақсатында Астана қалалық сотына бару көзделіп отыр. Осы орайда меймандарды «Сот құжаттарымен танысу», «Сот істерін қарау кестесі», «Сотқа шақыру», «Мемлекеттік баж салығын төлеу», «Талап арызды тіркеу», «Талон беру», «СМС-хабарлама алу», «Істерді автоматты бөлу» секілді сервистердің жұмысымен таныстыру жоспарланып отыр. Қонақтарға аудиобейнетіркеу жүйесінің мүмкіндіктері, «Сот кабинеті» сервисінің талап арыздар мен өтініштерді беру, хаттарды жіберу функционалдарының жұмысы көрсетілетін болады.
Сапар барысында Қазақстан Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрайымы Сәуле Айтпаевамен, Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Анатолий Смолинмен кездесу өтеді. Бұған қоса, Жоғарғы Сот судьясы Елена Максютамен және Әскери сот төрағасы Сәкен Абдулаевпен кездесулер жоспарланған, деп хабарлады Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі.

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше