31 Мамыр, 2016

Ортақ күш-жігер өрге шығарады

424 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
DAA_7123Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Біріккен Араб Әмірліктері Федералдық ұлттық Мәжілісінің Төрайымы Әмәл Абдалла Әл-Кубейсимен келіссөз жүргізді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Сенат Төрағасы Ә.Әль-Ку­бейсидің сапары екі елдің пар­ла­ментаралық үнқатысуды орнату тұрғысында Қазақстан мен БАӘ арасындағы жемісті ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосатынын атап өтті. Қ.Тоқаев Қазақстан Парла­ментінің қызметі және Пре­зидент Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институттық реформа­сын заңнамалық тұрғыда қамта­масыз ету туралы Ә.Әль-Кубей­сиді хабардар етті. Сенат Төрағасы 31 мамырда Астанада өтетін, парламентшілер, діни қайраткерлер және халық­аралық ұйымдардың басшылары қатысатын «Діндер терроризмге қарсы» халықаралық конференция­сына қатысуы үшін ризашылық білдірді. Бұл тұрғыда Қ.Тоқаев дінаралық және мәдениетаралық келісімді нығайту саласындағы Біріккен Араб Әмірліктерінің күш-жігерін қолдады. Ә.Әл-Кубейси Қазақстанға келуге шақырғаны үшін Қ.Тоқаевқа алғыс айтты. Федералдық ұлттық Мә­жілісі Төрайымының айтуынша, Қа­зақстан мен БАӘ арасында ерек­ше достық қатынастар мен сау­да-экономикалық, мәде­ни-гума- нитарлық және басқа сала­лар­дағы ынтымақтастық қалыптасты. БАӘ парламентінің төрайымы «Діндер терроризмге қарсы» конференциясының аса қажеттігін, өйткені, дінді қаралайтын экстремизм идеологиясына бірлесе төтеп беру және исламның бейбітшілік сүйгіш негіздерін түсіндіру қа­жет­тігін атап өтті. Осыған байланысты, оның пікірінше, дүниежүзі парламентшілерінің форумына қатысу аса маңызды. Кездесу барысында жүзде­су­ші­лер төрағалар деңгейінде парла­ментаралық үнқатысуды жалғас­тыруға, сондай-ақ, екі елдің заң шығару органдарында қыз­мет ететін Қазақстан-Әмірліктер ын­тымақтастық топтарының жұ­мы­­сына ықпал етуге уағдаласты.