31 Мамыр, 2016

«Орлов» шахтасындағы апат

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Шахтаүш құтқарушының өмірін қиды  Кеше «KazMinerais» жауап­кершілігі шектеулі серіктестігі «Востокцветмет» өндірістік бірлестігіне қарасты «Орлов» шахтасында апаттық жағдай орын алып, құтқарушылар қаза тапты. Бұл туралы Мемлекеттік «Кәсіби әскерилендірілген құт­­қару-авария қызметі» мен Инвестициялар және да­му ми­нис­трлігіне қарасты ин­дус­триялдық даму және өн­дірістік қауіпсіздік комитеті хабарлады. Нақты мәліметтерге сүйен­сек, 3 адам газдан уланған. Мұ­ның екеуі – таудағы құтқару қызметінің мамандары Талғат Асылбеков пен Серік Аухадиев, шахтаның шаңнан тазалау бөлімінің басшысы, инженер-техник Ахметолла Асылбеков. Бір өкініштісі әкелі-балалы Асылбековтердің бірдей улануы болып отыр. Қазіргі таңда орын алған оқиғаға орай, прокуратура мен ішкі істер департаментінің қызметкерлері «Kaz Minerals» серіктестігі мен «Восток­цвет­мет» өндірістік бірлес­тігінде тексеру жұмыстарын бастады. Айта кетейік, шахтадағы апат кезінде 15 таудағы құтқару қызметінің мамандары мен 3 арнайы техника жұмылдырылды. Құтқарушылар 2 сағат бойы шахтада залалсыздандыру жұ­мыстарын жүргізді. Талғат РАЙЫМБЕК, «Егемен Қазақстан»