Мәжіліс Төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов Астанаға «Діндер терроризмге қарсы» халықаралық форумына қатысу үшін арнайы келген Біріккен Араб Әмірліктері Федералдық Ұлттық Меджлисінің төрайымы Әмәл Абдалла Әл-Кубейси бастаған делегациямен кездесті.
Ең әуелі екі жақ күллі мұсылмандардың қасиетті Рамазан айының жақындап қалуына байланысты бір-біріне ыстық ықыластарын жеткізді. Кездесу иелерінің айтуынша, Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері президенттерінің арасында тарихи тамырластық, туысқандық деңгейде басталған қарым-қатынас жыл сайын тереңдеп, бүгінгі күні стратегиялық әріптестік деңгейіне жеткен.
Жүздесу барысында тараптар барлық сала бойынша екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Б.Ізмұхамбетов пен Әл-Кубейси, әсіресе, лаңкестікке қарсы күрес мәселесіне айрықша назар аударды. Осы орайда Мәжіліс Төрағасы Қазақстан Президентінің экстремизм мен лаңкестікке қарсы халықаралық бастамаларын алға тарта отырып, «Діндер терроризмге қарсы» форумының осы салада күш біріктіру жолындағы маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде Әл-Кубейси де аталған форумның саясат пен дін өкілдерін бір арнаға тоғыстырғанын, Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстанның осы бағыттағы батыл қадамдарына алғыс білдіретінін және барлық бастамаларды қолдайтынын жеткізді. Мейманның атап өткеніндей, әлемдік бейбіт өмір және ынтымақтастық жолында БАӘ мен Қазақстанның ұстанымы бір, мақсаты айқын.
Кездесу иелері екі ел арасындағы саяси, мәдени, әлеуметтік мәселелерді сөз ете келіп, экономикалық байланысқа ерекше көңіл бөлді. Бұл ретте спикерлер Астанада салынып жатқан «Абу Даби Плаза» кешенінің құрылысын, басқа да ірі инвестициялық жобаларды алға тартты.
Б.Ізмұхамбетов жалпы Қазақстанның тауар айналымында Парсы шығанағы бойынша БАӘ-нің алғашқы орында екенін жеткізсе, Әл-Кубейси соңғы 15 жыл ішінде Қазақстанға құйылған инвестиция көлемінің 1,5 млрд. доллардан асқанын атап өтті. Кездесу кезінде парламентаралық қарым-қатынасты нығайту жайына баса назар аударылып, Б.Ізмұхамбетов пен Ә. Әл-Кубейси заң шығарушы органдар арасындағы достық пен ынтымақтастық жөніндегі топтардың барлық салада ықпалдастықты тереңдетуге барынша ықпал ететініне сенім білдірді.
Кездесу соңында Әл-Кубейси Б.Ізмұхамбетовті өз елдеріне ресми сапармен келуге шақырды.

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20