Тәуелсіздіктің тәтті жемісін ешқандай құндылықтар алмастыра алмайды. Өз мемлекеттік рәміздері, өз жері жоқ, халқы босқын болып қаңбақтай көшіп жүрген, ертеңгі күніне алаңдаулы халықтардың ең үлкен арманы өз қотырын өзі қаситын жеке мемлекет болу ғой.
Еліміздің тәуелсіздігін ұғыну үшін әлгіндей халықтардың тағдырына бір үңіліп қойса болады.
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріповтің ұйытқы болуымен өткен жылы Ордабасы тауындағы «Бірлік» монументіне судьялар велосипедпен жүріп өткен еді.
Сол дәстүр биыл да қайталанды. Облыс әкімі, облыстық мәслихат және облыстық соттың ұйымдастырумен өткен «Билерге тағзым» велошеруі Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналды.
Шымкент қаласындағы Бәйдібек би ескерткішінің алдында өткен іс-шараға облыстық соттың төрағасы Нұрсерік Шәріпов бастаған 30 судья, облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков бастаған 25 басқарма басшылары мен облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттардың 20 депутаты және спорттық ұйымдардың 30 өкілі, барлығы 105 велосипедші қатысты.
Таңғы сағат жетіде ершікке қонған азаматтар Ордабасы тауына дейінгі 43 шақырымды түске таман басып өтіп, мәреге жетті. Оларды тау бөктерінде аудан халқы салтанатпен күтіп алды. Елдің ынтымағы мен бірлігіне арналған мерекелік шеруде облыс әкімінің орынбасарын Ү.Сәдібеков, облыстық соттың төрағасы Ө.Шәріпов және Ордабасы ауданының әкімі А.Мамытбеков, облыстық мәслихаттың депутаты Ә.Исабаев сөз алып, велошерушілердің еңбегінің мәнін таратып, барша ағайынды құттықтады.
Тәуелсіздіктің қадірін білу, көздің қарашығындай ардақтау, керек болса, қасық қаны қалғанша қорғау үшін әшейін айтыла салған тәтті сөз емес, нақты іс-әрекет керек. Ершікке саяхат үшін емес, тәуелсіздіктің баяндылығын ұқтыру үшін қонған азаматтарымыздың еңбегін осылай бағалауға болады.
Барша қазақ Ордабасыда бас қосып, ата жау жоңғардың белін сындырған қасиетті тауда бабалар рухына құран бағышталып, әрі қарай концерттік бағдарламаға ұласты.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Оңтүстік Қазақстан облысы

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20